Previous Page  39 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 352 Next Page
Page Background

39

Адам ата (а.с)

еді. Бірақ ол кезде адамдардың көбеюіне байланысты

егіздер өз жұптарымен емес, өзінен кіші немесе өзінен

үлкен егіздермен үйленетін. Бұл зәруліктен туған, сол

заманда ғана рұқсат етілген үрдіс еді. Кейін осы зәрулік

тоқтатылды. Алғаш рет хазірет Нұхтың шариғатымен

бауырлас қыз бен ұлдың бір-бірімен үйленуіне тыйым

салынды. Деректерде хазірет Адам қайтыс болған кезде,

жер бетіндегі адамдардың саны қырық мыңға жеткен-

дігі айтылады

63

.

Хазірет Адам жер бетіндегі адамдардың әкесі ретін-

де алғаш рет жіберілген пайғамбар болды. Ол өмір бақи

осы міндетін адал атқарып, Аллаһтың әмірін қалтқысыз

орындады. Ұлы Жаратушы оған он парақтан құралған

әмір мен тыйымдар жазылған үкімдер түсірді

64

.

Осылайша Адам пайғамбар осы үкімдерді ұрпағына

шашауын шығармай, толық жеткізді. Адам пайғамбар

ұрпағына шайтаннан қалай сақтану жолдарын және

өзінің бір рет оған алданып қалғандығын, Жаннаттан

қуылғандығын ұрпағының санасына әрдайым сіңіріп

отырды. Ол ұрпағына нағыз өмір ақыретте екендігін,

бұл өмірдің фәнилігін айтып, Хақ тағаланың ақиқат

жолына шақырды. Ақтық сәтіне дейін ұрпағына осыны

ескертумен өтті. Ақыр соңында мың жылға жуық ғұмыр

кешкен

65

ол өзіне тиісті уәзипасын ада етіп барып

өмірден озады.

63

Табари тарихы. 1-том 84-бет; Ибн Сағыд, Табақат, 1-том. 38-

39 беттер

64

Абдуррахман Хубнакал Майдани, әл-Ақидатул Исламия уа

Усусуһа, II/260

65

Ибн Табақат, I/28-29; Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд, 1/299