38
Пайғамбарлар тарихы
ратудан қырық жыл бұрын тағдырыма жазған осы
мәселе үшін мені неге кінәлайсың?» – деп Мұсаны
уәжге жығады»
60
.
Осы хадиске назар салсақ, аталмыш
оқиға әуел бастан тағдырда жазылып қойған. Аллаһ
тағаланың адамзатты жаратудағы мақсаты – хазірет
Адамның Жаннаттан жер бетіне түсу арқылы ғана іске
асатын еді. Ешқандай себепсіз ол екеуін Жаннаттан
шығармақ емес. Осы оқиғалар арқылы илаһи тағдыр
іске асқан
61
.
Адам ата мен Хауа ананың жер
бетіне түсуі
Адам ата мен Хауа ана жер бетінде ұзақ уақыт
бойы бір-бірін көрмей, жеке дара ғұмыр кешеді. Адам
ата өзінің жасаған қателігіне өкініп қатты қайғырады.
Хақ тағалаға ұзақ жалбарынып, көз жасын төгеді.
Арада бірталай уақыт өткен соң Аллаһ тағала оларды
бір-бірімен Меккеге жақын Арапат тауының етегінде
жолықтырды. Олар қайта қосылған соң, жер бетінде
ең алғашқы отбасылық өмірді бастайды. Хақ тағала
Адамға егін шаруашылығы және осыған ұқсас басқа
да көптеген ризық табу жолдарын үйретеді. Осылайша
Хақ тағаланың:
«Байқаңдар! Ібіліс екеуіңді алдап Жан-
наттан шығарып жүрмесін. Ей, Адам, онда өмірдің
тауқыметін тартасың»
62
деген сөзі айдан анық
айтылған.
Адам ата мен Хауа ана қайта қауышқан соң, жер
бетінде ұрпақ өрбіп, адамдар бірте-бірте көбейе бас-
тады. Хауа ана ұдайы бірі қыз, бірі ұлдан егіз туатын
60
Муслим, 17/2042
61
Б.Атеш, Пейгамберлер тарихы. 110-111 беттер
62
«Таһа» сүресі, 117