42
Пайғамбарлар тарихы
Өйткені Абылға дейін жер бетінде кісі өлімі орын
алмаған болатын. Ол дағдарып тұрған кезде, жақын
жерге екі қарға келіп қонады да, бір-бірімен шекісіп
қалады. Сәлден соң қарғаның бірі екіншісін өлтіреді.
Ол дереу жерді тұмсығымен қазып, өлген қарғаны сол
шұңқырға көмеді
69
. Бұл уақытта хазірет Адам өзінің
әулетіне Қабылды басшы етіп сайлап, өзі маңызды бір
шаруамен сапарлап кеткен-ді. Келген бойда болған
жайды естіп, қатты қайғырып, Қабылға қарғыс айтады.
Қара бет болған Қабыл сыңарын алып, басқа жаққа
қоныс аударады. Кейбір деректерде Йемен жаққа қарай
кеткендігі айтылады. Осылайша Абылдың өлімімен
аяқталған бұл оқиға шайтанның жер бетіндегі қол жет-
кізген ең алғашқы табысы болды.
Қағбаның салынуы
«Қағба» сөздікте «жоғары, төрт бұрыш» деген
мағына береді. Терминде хазірет Ибраһим пайғамбар
мен баласы екеуі салғандығы айқын дәлелдермен
беріліп, Меккеде орналасқан, зиярат етілетін қасиетті
ғимарат. Ислами деректерде Қағба сол заманға дейін он
бір рет құлап, он бір рет тұрғызылған
70
. Кейбір дере-
ктерде жер бетінде Қағбаның қабырғасын періштелер
қалаған деп те айтылады. Негізінде, бұл күнде біздің
көріп жүрген Меккедегі Қағба оның дәл өзі емес. Ол
Қағбаның белгісі ретінде тұрғызылған қабырғалары
ғана. Ал Қағбаның өзі тылсым-сырға толы алып
құрылыс. Оның іргетасы жерде болғанымен, ұшар басы
жеті қабат көктің арғы жағындағы Ұлы Арыштың ас-
тында. Сол жерде де «Бәйтул-Мағмұр» делінген Қағба
69
«Маида» сүресі, 31
70
Б.Атеш, Пейгамберлер тарихы. 119-бет