Previous Page  41 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 352 Next Page
Page Background

41

Адам ата (а.с)

алғаш рет қан төгіледі. Періштелердің адам баласын

қан төгуші дегені расқа айналып, адам деген абыройлы

атқа дақ түседі. Қабыл – жер бетіндегі ең алғашқы кісі

өлтірушісі, ал Абыл жер бетінің алғашқы нақақ шейіт

ретінде тарихта қалады. Бір хадисте жер бетінде кім-

де-кім жақсылыққа бір жол ашса, сол жол жабылғанға

дейінгі сауаптар әлгі адамның амал дәптеріне, ал кімде-

кімжамандыққа біржол ашса, солжол аяқталғанға дейін

күнәлар сол адамның амал дәптеріне жазылатындығы

айтылады. Ендеше, Қабыл жер бетіндегі қан төгу

секілді күнәға ең алғашқы болып жол ашқандықтан,

қияметке дейінгі төгілген қандардың обалы Қабылдың

амал дәптеріне жазылады. Айтқандай-ақ Аллаһ елшісі

бір хадисте:

«Зұлымдықпен өлтірілген адам баласының

қанынан Адам атаның бірінші ұлы (Қабылдың есебі-

не) бір үлес бөлінеді. Өйткені ол қылмыскерлердің

көсемі болды», –

дейді. Қабыл алғашқы қан төккен

адам болғандықтан, бір адамды ғана өлтіріп қойған

жоқ, ол қияметке дейінгі жазықсыз өлген кісілерді де

бірге өлтірген болып, күнәларын арқалады. Негізін-

де, одан кейінгі замандарда кісі өлтірген адамның

күнәсі Қабылдың күнәсінен онша қашық емес. Өйткен

Құранда:

«Сондықтан Исрайыл ұрпақтарына: Кім кісі

өлтірмеген немесе жер бетінде содырлық жасамаған

біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен және

кімде-кім бір адамның өмірін құтқарса (тірілтсе),

барлық адамзаттың өмірін құтқарғанмен бірдей деп

жаздық»

68

,

– дейді

.

Осыдан кейін Қабыл өлген бауырының қасында

тұрғанда ғана өзінің қандай қылмысқа барғанын

аңғарып қатты састы. Өлген денені не істерін білмеді.

68

«Маида» сүресі, 32