Previous Page  45 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 352 Next Page
Page Background

45

Адам ата (а.с)

сәлләм)

былай дейді: «Аллаһ тағала Адамды өз келбетінде

және бойын алпыс құлаш етіп жаратқан кезде:

«Барып,

ана жердегі періштелерге сәлем бер. Олардың да саған

қалай сәлем беретіндіктеріне көңіл қойып тыңда.

Өйткені сол сәлем сенің және ұрпағыңның сәлемі

болады», – дейді. Сонда Адам оларға жақындап: «Әс-

сәләму алайкум!» – деп сәлем береді. Періштелер: «Әс-

сәләму алайкә уә рахматуллаһ», – деп жауап береді

.

Олар «уә рахмәтуллаһ» дұғасын қосып айтады»

74

.

Міне, хазірет Адамның алғашқы айтқан сөзі осы бо-

латын. Ол әу бастан бейбітшілікті жақтағаны тәрізді

ұрпағына да мың жыл бойы «Қашанда тура жолда

жүріп, бейбіт өмір сүріңдер» деуден жалықпады. Ол

өзі бұрын жаннатта өмір сүрсе, жер бетінде де өзінің

сол жаннатқа лайық екендігін мың бір машақатпен

дәлелдеді. Ол пайғамбар ретінде де ұрпағына дінді

толықтай жеткізіп, оларға жер бетінде қалай өмір сүру

керектігін үйретті. Ол пайғамбарлықтан бұрын да, кейін

де пайғамбарлық атқа кір келтірмей ғұмыр кешті. Сол

себепті ол Хақ тағаланың «Сафиуллаһ» деген марапа-

тына ие болды. Құрандағы:

«Аллаһ тағала Адамды,

Нұхты, Ибраһим отбасын және Имран отбасын

таңдап, мерейін үстем етті»

75

аяты да осының бірден-

бір дәлелі. Ол сондай-ақ, шапағат хақындағы хадисте

де «Адамзаттың әкесі» деп аталып, үлкен баға берілген.

Һәм халифалық тұрғысынан да «Халифатуллаһ» деп

білінеді. Ол сол халифалық міндетін атқарып, ең алғаш

рет Хақ тағаланы жер бетіне паш етті. Осы тұрғыдан

алғанда да оның мерейі үстем еді.

74

Бухари. Әнбия 1; Муслим. Жаннат. 28/2841

75

«Әли Имран» сүресі, 33