49
Ыдырыс пайғамбар (а.с.)
іспетті. Пайғамбарлардың турашыл болмауы мүмкін
емес. Өйткені өзі тура болмағанның сөзі тура болмай-
ды. Сөзі тура болмағанның ісі тура болмайды. Бойын-
да жамандығы бар адам ешқашан өзгелерді тура жолға
сала алмайды. Сол себепті пайғамбарлар барлық жаман
қасиеттерден пәк болады. Турашылдар жалғандықты
ұнатпайды.Солсебептіжалғанменөтіріктіжақтайтындар
пайғамбарлармен ымыраға келе алмайды. Жер бетін
жалғандық жайлаған заматтарда әлемде қара түнек
орнаған. Адамзат күллі құндылықтарынан көз жазған.
Бірақ осындай адасушылықтарға тап болған кезде, Хақ
тағала рақым етіп, әр халыққа пайғамбарларын жіберіп
отырған. Олар өз міндетіне сай жалғандықпен күресіп,
саналы жандарды ақиқатқа бастаған.
Ыдырыс пайғамбар да адасқан қауымды жөнге
салу үшін жіберілді. Ол да өзгелерге турашылдықты
үлгі етті. Хақ тағала оған отыз беттік қасиетті жазба
парақтар (сухуф) түсірген. Бірақ ел иліге қоймады.
Иманға келгендер саны аз еді.
Аят-хадистерде Ыдырыс пайғамбардың қауымы,
күресі жайлы деректер жоқтың қасы. «Исраилияттан»
жеткен хабарлар болса, ақиқаттан алшақтау. Ыдырыс
пен Адам атаның (а.с.) арасын мың жылдай уақыт бөліп
жатыр дейтін деректер де ұшырасады
80
.
Ыдырыс пайғамбар – алғаш қалам ұстаған адам.
Яғни, жазу осы шақтан бастап дами бастаған деуге негіз
бар. Уахи арқылы ең алғаш ине жасап, киім де тіккен.
Бұл шаққа дейін адамдар аң терісін жамылып келген-ді.
Сондай-ақ ол алғаш рет таразы жасауды игеріп, есеп-
қисаппен де айналысқан
81
.
80
Алуси. Рухул-Мәани. 16/105
81
Рази. Тәфсирул-кәбир. 21/233