52
Пайғамбарлар тарихы
Әйтсе де бұл дүние сынақ мекені емес пе?
Сондықтан халық арасында жымысқы ниеттілердің
болуы табиғи еді. Олар елдің ғұламаларға деген
шынайы сүйіспеншілігін көре алмады. Әккілікпен ел
ақсақалдарына келіп мынадай ақыл айтты: «Қадірлі
ғұламаларымыздың есімі ұмытылып кете ме деген
қорқынышымыз жоқ емес. Олар келер ұрпаққа үлгі-
өнеге болып қалуы тиіс. Сондықтан әрбіріне ескерткіш
орнатқан жөн секілді. Тіпті әр үй өзіне шағын мүсін
жасап алса, жақсы болар еді»
85
.
Бұл ой ел-жұртқа қатты ұнады. Тіпті оны тезде-
тейік деушілер де табылды. Көп ұзамай ғұламалардың
ең үлкендері саналған Уәдд, Сууә, Яғұс, Нәср секіл-
ді адамдарға тастан ойылған ескерткіштер орнатыл-
ды. Артынша кішкене мүсіндер де әр үйдің төріне
қойыла бастады. Келе-келе бұны дәстүрге айналдырды.
Тіпті «мүсіні бар үй берекеге кенеледі» деген түсінік
қалыптасты. Уақыт өте келе халық парыздарды орын-
даумен қатар арнайы күн белгілеп, ескерткіштердің
жанына жиналып, олардың тірі кезін еске алуды дағды
етті. Бұл да бірте-бірте діннің бір міндеті секілді сипат
ала бастады.
О баста көзделген жымысқы ниет ақырында
«жемісін» бермей қоймады. Уақыт өте келе халықтың
сенімі шайқалды. Әсіресе көзін ашқалы ескерткіштер
мен мүсіндерді көріп өскен кейінгі ұрпақ ескерткіштер-
ді құдай санауға көшті. Мүсіндердің алдында құрақ
ұшып, «Тілегімізді Құдайға жеткізе гөр» деп табына
бастады. Алғашында бұған халықтан бірді-екілі адам
қарсылық танытқанмен, көпшілік оларды «ғұлама-
85
Б.Атеш, Пейгамберлер тарихы. 135; Сабуни. Нубууә. 108-бет;
А.Бәһжәт. Әнбияуллаһ. 59-62 беттер