Previous Page  47 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 352 Next Page
Page Background

47

Ыдырыс пайғамбар (а.с.)

Ыдырыс (а.с.) – Құранда аты аталған пайғам-

барлардың бірі. Кейбір деректерде Нұхтың арғы атасы

екендігі айтылған. Адам Атаның (а.с.) ізін ала жіберіл-

ген деген дерек те кездеседі. Ыдырыс пайғамбардың

қасиеттері Құранның төрт аятында суреттеледі.

Алғашқы екеуінде пайғамбарлығы мен шыншылдығы,

жоғары мәртебеге көтерілгендігі сөз етілсе, ақырғы еке-

уінде сабырлығы, рақымдылыққа бөленгендігі, сондай-

ақ игі жақсылардың қатарында болғандығы айтылған.

Әуелгісі«Әнбия»сүресіндеАллаһтағала:

«Исмайыл,

Ыдырыс, Зүлкифл де сабырлы еді. Сондай-ақ оларды

рақымымызға бөледік. Өйткені олар игі жақсылардан

еді»

77

, –

дейді. Сабырлық – пайғамбарлардың ерекше

қасиеттерінің бірі. Пайғамбарлардан өзге адамдар да

сабырлық танытуы мүмкін. Бірақ пайғамбарлардың

сабырлығы мүлде басқа. Сабырлық бейне бір олардың

табиғаты сияқты. Пайғамбарлық – ауыр міндет. Ол

үшін асқан төзімділік қажет. Задында, сабыр жоқ

жерде алға қойған мақсатқа жету де жоқ. Сол себеп-

ті пайғамбарларға сабырлық ауадай қажет. Нәпсінің

ығында кетпеудің де бір сыры осында. Құдай тағаланың

сынынан сүрінбей өтудің жолы да сабырлықта жатыр.

Сынақ демекші, өмірде сынақтың ең ауырын

пайғамбарлар бастан кешкен. Аллаһ тағала бұл хақында:

«

Осылайша әр пайғамбарға адамдар мен жынның

77

«Әнбия» сүресі, 85-86