43
Адам ата (а.с)
тәрізді үй бар. Бәйтул-Мағмұрды күніне жетпіс мың
періште тауап етеді. Бірақ сол періштелердің қияметке
дейін қайта келіп тауап етулеріне кезек тимейді.
Хазірет Адам жер бетіне түскен соң, періштелердің
көмегімен Қағбаны қайта тұрғызған. Нұх пайғамбардың
заманындағы топан суға дейін Қағбаны Адам атаның
балалары жөндеуден өткізіп, күтіп ұстаған. Жер бетін
топан су қаптаған кезде, Қағба құлап, орны білін-
бей кеткен. Кейіннен бірнеше ғасырлар өткен соң
хазірет Ибраһим пайғамбарға Хақ тағала уахи арқылы
Қағбаның орнын айтып берген соң, баласы екеуі қайта
салған.
Қағба – жер бетіндегі ең алғашқы құлшылық орны.
Бұл хақында Құранда:
«Негізінен адам баласы үшін
(құлшылық мақсатында) Меккеде алғаш құрылған үй
(Қағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол»
71
,
–
деп
айтылады. Қағбаның хазірет Адам заманында салынуы
– жер бетіне әуел бастан-ақ мәдениет пен өркениеттің
етек жайғанына куәлік етеді. Сондықтан адам баласы
жер бетіне түскен кезден бастап-ақ өркениет дами
бастаған. Адам әрқашан да адам. Кешегі мен бүгінгі
адам баласының ой-санасында ешбір айырмашылық
жоқ. Яғни жаратылысы бір. Сөйтсе де мына заманның
өркениетінолкездіңөркениетіменсалыстыраалмайсың.
Айырмашылығы сол – алғашқысы себілген тұқым
болса, ақырғысы содан көктеп шыққан алып ағаш яки
соның жемісі.
Адам атаның көз жұмуы
Алғашқы адам һәм пайғамбар Адам ата дерек
көздерінде шамамен мың жылдан ұзақ өмір сүргені ай-
71
«Әли Имран» сүресі, 96