Previous Page  46 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 352 Next Page
Page Background

46

Пайғамбарлар тарихы

Жаратылған кезде күнәдан қалай пәк жаратылса,

бұл ғұмырдан көшіп бақилық боларда да күнәсіз күйінде

көз жұмды. Өлер алдында ол Хақ тағалаға жалбарынып

өзінің көз жұматындығын, ал Ібілістің қияметке дейін

өмір сүріп, бұның артынан мазақтап күлетіндігін айтты.

Сонда Аллаһ тағала оған уахи арқылы: «Сен қайтадан

жаннатқа кіресің. Ол болса қияметке дейін жер бетіне

қанша адам келіп-кетсе, сонша өлімнің дәмін татып,

азап тартады» деп жауап беріп, Адам атаны жұбатады.

Кейбірдеректердеолқайтысболғанда, балаларыденесін

Қағбаға жақын Әбу Қубәйс деген төбенің басына жер-

легені айтылады. Осылайша топырақтан жаратылған

денесі топыраққа қайтадан кіреді. Оның асыл жары –

Хауа ана да көп ұзамай қайтыс болғаны кейбір дерек-

терде айтылады

76

. Хақ тағала ардақты Пайғамбары мен

оның асыл жарына мәңгілік разы болып, рақым нұрын

төксін!

76

Ислам ансиклопедиси, Хауа бабы.