56
Пайғамбарлар тарихы
Ендігі жерде Нұх (а.с.) халық алдына шығып,
дінді ашық жар салуға көшті. Елге Аллаһ тағаланың
жалғыз екендігін түсіндірді. Ата-бабаларының Адам
ата заманынан бері бір ғана Жаратушыға құлшылық
қылып келгендігін, алайда бертін келе шайтанның ар-
бауымен кейбір әулие адамдарды пұтқа айналдырып,
адасқандықтарын дәлелдеді. Хақ тағаланың берген
игіліктері жайлы әңгімеледі. Адамды жоқтан бар етіп,
оған шексіз нығмет бергендігін түсіндірді. Сау ақылға
салып ойлану қажеттігін айтты. «Қолдан жасалған
нәрселерге табыну сау ақылды тұншықтыру емес пе?»
– деп саналарына сәуле тастады. Бірақ қараңғы ел
Нұхтың (а.с.) сөздеріне құлақ асқысы келмеді. Қайта
қасарысып, табынған пұттарынан әсте бас тартпауға
бекінді. Ел үстінен күн көрген залым билеушілер,
әлбетте, халықтың иман келтіруін қаламады. Олар
халықтыНұхтың (а.с.) сөзін тыңдамауға үндеді. Өйткені
кері жағдайда бұл билеушілердің мүддесі мен саясаты-
на қайшы келмек еді. Сондықтан да Пайғамбарға жақ
аштырмай, жолын кес-кестеп бақты. Елді де қарсы
айдап салды. Олар Нұхқа: «Сен өзіңді пайғамбармын
дейсің. Бірақ бізден не айырмашылығың бар? Сен де
біз тәрізді адамсың ғой»
,
– деп даурықты. Иә, сырт
қарағанда пайғамбар да адам еді. Бұны өзі де айтатын.
Илаһи заңдылық сол, Хақ тағала елшілерін адамдардың
өз арасынан таңдайды. Өйткені жер бетінде ғұмыр
кешіп жатқандар періште емес жұмыр басты адамдар
болатын. Егер олар періште болғанда, онда жер бетіне
періште-пайғамбар жіберілер еді.
Пайғамбарлар адамзатқа үлгі көрсету үшін жі-
беріледі. Бақытты өмір сүрудің негізі қайда жатыр,
адами мәселелерді қалай шешкен жөн, отбасымен,