Previous Page  60 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 352 Next Page
Page Background

60

Пайғамбарлар тарихы

діннен қайтпады. Тіпті қаймықпастан жауға қарсы тұра

білді

95

.

Ай емес, жыл емес, талай ғасыр өтсе де, Нұх (а.с.)

насихаттан жалықпай, өз міндетін атқара берді. Хақ

тағаланың бар екенін, жалғыздығын, кешірімшілдігін,

адамдарға берген шексіз нығметін айтудан бір тынба-

ды. Ғаламның жаратылысы жайында сөз қозғап, сана-

ларына сәуле құйып бақты. Бірақ қырсық ел бәрібір

міз бақпады.

«

Раббыларыңнан жарылқау, кешірім

тілеңдер. Өйткені Ол өте кешірімшіл»

96

,

дегенде де

селт етпеді.

Құранда да Хақ тағала:

«Ей, (көп күнә жасап)

өздеріне жаманшылық жасауда шектен шыққан

құлдарым! Аллаһтың рақымынан үміт үзбеңдер! Аллаһ

барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол – өте кешірімді,

рақымды»

97

,

– деген.

Нұх (а.с.) адасқан елін тура жолға шақыруда

халыққа төмендегідей ойға шақыратын көп өсиет айтты.

Аллаһтың берген несібелеріне назар аудартуға тырысты:

«Ол сендерге аспаннан мол жауын жібереді. Әрі сен-

дерге несібе ретінде бала-шаға мен мал-жан бітіреді.

Мұнымен ғана шектелмей, сендер үшін бау-бақшалар

жасап, өзендер ағызады»

98

.

Халықтың қарсы шыққандығына қарамастан, Хақ

тағала әлі де оларға нығметтерін үйіп-төгіп беруін

тоқтатқан жоқ. «Мүлк» сүресінде де Аллаһ тағала:

95

«Ибраһим» сүресі, 12

96

«Нұх» сүресі, 10

97

«Зүмәр» сүресі, 53

98

«Нұх» сүресі, 11-12