64
Пайғамбарлар тарихы
Хақ тағала Құранда:
«Шынында, Біз сендерді босқа
жаратып, Бізге қайтып оралмаймыз деп ойласыңдар
ма?»
103
–
дейді. Әсте олай емес. Жасыл желектерді
мың өлтіріп, мың тірілткен Аллаһ тағала адам баласын
да ажал жетіп өлген соң ұлы мақшарда қайта тірілтіп
есепке тартады.
«Аллаһ сендерге емін-еркін, шат-шадыман өмір
сүру үшін жерді төсеніш етті»
104
.
Нұх пайғамбар
сөзін аяқтарда, Аллаһ тағаланың оларға жер бетіндегі
берген нығметтеріне назар аудартады. Бұл пұтқа табы-
нушылар үшін ұғынуға тиіс ақиқаттар еді. Ақиқаттан
аттап кете алмайсың. Өйткені жер беті оларға төселген
төсеніш секілді. Тіпті тау-таста да адамдардың
жүруіне қолайлы соқпақтар бар. Осы жолдар арқылы
олар төрткүл дүниені шарлай алады. Сол жолдар
арқылы Хақ тағаланың басқа да нығметтерін іздеп
таба алады
105
. Осының бәрі олардың көз алдындағы
көріністер болғандықтан, айтылған жайтты ұғу санаға
аса қиындық тудырмауы керек еді.
Өзін мәдинетті елміз, өркениетті қоғамбыз
деп санаған кез келген халық аталмыш ақиқаттар
айтылғанда, оның астарына ой жіберуі тиіс. Алайда
Нұхтың (а.с.) қауымы осының бәрін біле тұра, қасақана
қасарысып, құлақтарын бітеп, пайғамбардан бойларын
алып қашты.
Бір күн қатты ашынған қауым: «
Ей, Нұх! Сен бізді
иман келтіруге шақырып, басымызға ақырзаман ор-
натып, ауыр азап төнеді деп қашанға дейін қорқыта
103
«Муминун» сүресі, 115
104
«Нұх» сүресі, 19
105
Сайд Қутуб. Фи Зилалил-Қуран, «Нұх» сүресінің тәфсирі;
Сабуни. ән-Нубууә. 117-бет