Previous Page  37 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 352 Next Page
Page Background

37

Адам ата (а.с)

толық адам шыңына жетуіне арқау болды. Ендеше, ол

қателеспегенде, адамдардың бәрінің де мәртебесі бірдей

болып қалар еді. Онда Әбу Жәһил мен Әбу Бәкірдің бір-

бірінен ешқандай айырмашылығы болмас еді. Аллаһ

тағала адамзатты жер бетіне халифа етіп жаратуында

белгілі бір мақсат бар. Міне, Адам ата осыған себеп-

кер болды. Аллаһ тағала хазірет Адам мен Хауа ананы

жаннаттан қуған жоқ. Олардың мекені жер беті бола-

тын. Хақ тағала оларды жаннатқа кіргізіп, содан кейін

шайтан арқылы жер бетіне түсіруінде де сырлы хик-

меттер бар. Яғни, ей, Адам баласы! Шайтан сендердің

ата-аналарыңның жаннаттан шығарылуына себепкер

болды. Ендеше, шайтанның азғыруынан сақтаныңдар.

Ол ата-аналарыңды жаннаттан шығарғаны тәрізді, сен-

дерді де сол Жаннатқа кіргізбеуге бар күшін салады.

Айтқандай-ақ «Ағраф» сүресінде:

«Ей, Адам баласы!

Шайтан ата-аналарың Адам мен Хауаны алдап, Жан-

наттан шығарғаны тәрізді сендерді де бүлікке итер-

мелеп, бір пәлеге қалдырмасын. Өйткені сендер оны,

тайпасын көре алмасаңдар да, олар сендерді көреді.

Біз шайтандарды иман келтірмеушілердің досы

қылдық»

59

,

– дейді.

Сөз ақыры, Хақ тағаланың оларды Жаннаттан

шығаруы кездейсоқ емес. Бұның бәрі алдын- ала

жазылған тағдыр арқылы болып отыр. Мына хадисте де

тағдырға қатысты мәселе айтылады:

«Адам мен Мұса

рухтар әлемінде кездесіп, сөйлеседі. Мұса: «Ей, Адам!

Сен бабамызсың! Бізді Жаннаттан шығарып, мақұрым

қылдың», – дейді. Адам оған: «Ал сен Мұсасың. Аллаһ

сенімен тілдесіп абыройыңды асқақтатты. Саған

арнайы кітап жазып түсірді. Аллаһ тағала мені жа-

59

«Ағраф» сүресі, 27