32
Пайғамбарлар тарихы
жақындамайтын да еді. Оның мақсаты – адамдарды
күнәға сүйреу арқылы жүректеріндегі иманын жою.
Бірақ олар шынайы тәубе етіп, жасаған күнәларын
жуып-шайған заматта, шайтан оңбай жеңілді, әрі ашуға
ерік беріп, қасарысқан үстіне қасарысып, кескілескен
жау болуға ант ішті.
Хазірет Адам мен Хауа ананың
жаннаттан қуылуы
Аллаһ тағала, егер оларшайтанға алданып, өзінің ал-
дында қарабет болса, оларды жаннаттан шығарып, жер
бетіне түсіретіндігін ескерткен болатын. Сондықтан да
олар жасаған жаңсақтықтары үшін жаннаттан шығып,
жер бетіне түседі. Бұдан кейін олардың жаңа өмірі бас-
талды. Қияметке дейін адам баласы жер бетінде ажалы
жеткенше ғұмыр кешіп, берілген ырыс-нығметтерден
пайдаланып, мезгілі жеткенде, бұл өмірден көшіп ке-
тетінеді. Бірақбұлөліммәңгілікжоғалу емес.Ақырында
қайта тіріліп, дүниеде жасаған амалдарына жауап беріп,
жақсылығы үшін сый-сияпат көріп, жамандығы үшін
азапқа тартылатын еді. Жаратушы Жаппар Иенің хик-
меті осыны қажет етті
53
.
Аллаһ тағала хазірет Адам мен Хауа ананы және
шайтанды да жерге түсірген кезде:
«Бір-бірлеріңе
дұшпан болып жер бетіне түсіңдер!»
54
–
деген-ді.
Ендеше қияметке дейін шайтан мен адам баласы бір-
бірімен күресіп өтеді. Ібіліс және оның нөкері бар ай-
ла-амалын қолданып, адам ұрпақтарын адастыруға ты-
рысады. Адамның жаратылысында осал тұстары бар.
Ол ұмыту, сабыр сақтамау, сезімге тез берілу, ашула-
53
Бүнямин Атеш, Пейгамберлер тарихы. 108-бет
54
«Бақара» сүресі, 36; «Ағраф» сүресі, 24