Previous Page  27 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 352 Next Page
Page Background

27

Адам ата (а.с)

Құранда:

«Сендердің өз табиғаттарыңа үйлестіріп (өз

қастарыңнан) әйел жынысын жаратқаны да, оларға

тіршілік ләззаты етіп, сүйіспеншілік, мейірім бергені

де ұлылықтың белгісі»

40

,

– дейді.

Жаннатқа кіру

Ұлы Жаратушы Адам мен Хауа ананы Жаннаттың

төріне оздырған кезде, оларға:

«Ей, Адам! Жұбайыңмен

жаннатқа жайғасып, қалағандарыңша жеңдер»

41

,

– деді. Хақ тағала оларға сол жерде ешқандай аштық

пен шөл қасіретін тартпай, жалаңаш қалмай, қысқасы,

ешбір қиыншылық көрмейтіндіктерін білдірді

42

.

Адам мен Хауа ана жаннатта емін-еркін жүріп, әр

түрлі нығметтердің дәмін татып, тамашалайды. Алайда

Хақ тағала бұларғаЖаннаттыңбарлықжемістерінжеуге

рұқсат бергенімен,

«Мына ағашқа жоламаңдар. Онда

жазықтылардан боласыңдар»

43

,

– деп бір ағаштың

жемісін жеуге тыйым салды. Бұл әмірді аттаған адам

өкінішпен бармақ тістейтіндіктен, Адам ата мен Хауа

анаға

«сол ағашқа жақындасаңдар, залымдардан

боласыңдар»

деп қатаң ескерткен

44

.

Міне, Адам мен Хауа анаға берілген бұл әмір

олардың ең алғашқы сынағы еді. Өйткені Аллаһ тағала

оларды Жаннатқа кіргізген кезде, екеуінің ең үлкен

дұшпаны шайтан екендігін, ол кез келген уақытта

өздерін арбап, алдайтындығын, жүрекке бойлап

азғыратындығын алдын-ала айтып ескерту жасаған.

Сол себепті олар Құдай тағаланың осы бір тыйым

40

«Рұм» сүресі, 21

41

«Бақара» сүресі, 35

42

«Таһа» сүресі, 117-119

43

«Бақара» сүресі, 35

44

Елмалылы, ІІІ/2139