Previous Page  30 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 352 Next Page
Page Background

30

Пайғамбарлар тарихы

боласыңдар делінген еді. Мұндағы мақсат – жұмақта

бұл ағашты жеу емес, өмірінде тәртіпке бас идіру еді

47

.

Сонымен қатар бұл ағашты «нәсіл» дейтін болсақ,

ерлі-зайыптылардың ең осал тұсы да осы нәсіл

мәселесі екені рас. «Шаңырағым шайқалмаса екен,

ұрпағым мәңгілік жалғасса екен» деу – отбасының не-

гізгі мәселесі. Шамасы, әурат жерлерінің ашылуы да

осы мағынаны қуаттайды. Яғни шайтан Адам ата мен

Хауа ананы жаннаттан шығару жолын іздеген. Оның

ұрпағының да болатынын білген. Сол себепті шайтан

ол екеуінің ұрпақтары тез арада болғанын қалаған.

Өйткені Жаннат бала-шаға бағып, ризық іздеп, бейнет

тартатын жер емес. Негізінде аяттағы «Шәжәрә» деген

сөз де қазақ тіліне «шежіре» болып енген. Шежіре –

ұрпақ деген ұғым. Ұрпақ жетілдіру – ата-ана үшін ауыр

сынақ. Ендеше, сол сынақ жаннатта емес, жер бетінде

болуы тиіс еді.

Тәубе

Адам ата мен Хауа ана Ібілістің азғырғанына алда-

нып, тыйым салынған ағаш жемісін ауызға салуы мұң

екен, екеуініңәбүйірі ашылып, үлкенқатежасағандарын

аңғарды. Екеуі дереу жаннат жапырақтарынан

үстеріне жапсыра бастады. Хазірет Адам мен Хауа ана

шайтанның ант еткеніне алданып, оның өздеріне деген

дұшпандығын және сол жолда неден болса да тайын-

байтынын естен шығарып алды

48

. Сонда Аллаһ тағала

оларға

: «Мен екеуіңе де бұл ағашқажақындауға тыйым

салған жоқ па едім? Шайтан сендердің қас жауларың

47

Елмалылы, I/323-324

48

Сәйд Қутуб, Фи Зилалил-Қуран, Х/84