Previous Page  191 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 352 Next Page
Page Background

191

Шұғайып пайғамбар (а.с.)

Пайғамбарға қарсы шыққандары үшін тозаққа құлап,

мәңгілік азапқа душар болды

262

.

Олардың қарғысқа ұшыраған тастай мылқау жансыз

денелеріне ғибратпен қараған Хақ пайғамбар:

«Елім!

Расында, мен сендерге Раббымның жарлығын жет-

кізіп, сендерге туралықты насихаттадым. Ал енді

қарсылық көрсетіп, қарғысқа ұшыраған бір ел үшін не

деп жылап, не деп қайғырмақпын?»

263

,

– дейді.

Барлық пайғамбар секілді Шұғайып пайғамбар да өз

міндетін, тәблиғын толығымен орындап, Хақ жарлығын

халыққа айна-қатесіз жеткізді.

Шұғайып (а.с.) осыдан кейін өзіне иман келтірген

мұсылмандарды ертіп, Меккеге көшті. Кейбір дерек-

терде өмірінің соңына дейін сонда тұрғаны айтылады.

262

Ахмәд Бәһжәт, Әнбияуллаһ, 163-бет

263

«Ағраф» сүресі, 93