Previous Page  195 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 352 Next Page
Page Background

195

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

талап етті. Бірақ мысырлық оның сөзіне құлақ салмай,

исрайылдықты өлтірмек болады. Осы кезде жігіт Мұса

әлгі мысырлықты жұдырықпен түйіп кеп қалғанда,

мысырлық сол жерде жан үзеді. Мұсаның ниеті адам

өлтіру емес, қайта анау бір өлім аузындағы жанды

құтқарып қалу еді. Мұса (а.с.):

«Бұл – шайтанның ісі.

Өйткені ол – ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас

өзіме кесір істедім. Мені жарылқа! – деді. Сондықтан

Аллаһ оныжарылқады. Өйткені Ол тымжарылқаушы,

ерекше мейірімді»

270

.

Көп ұзамай осы мысырлықтың өлімі бүкіл қалаға

жайылды. Бірақ әзірге кісі өлтірушінің кім екенін және

не үшін өлтіргенін ешкімбілмеді. Таңертең хазіретМұса

көшеде кетіп бара жатып, кешегі өзі құтқарып қалған

исрайылдықтың тағы бір мысырлықпен төбелесіп

жатқанын көріп қалады. Исрайылдық та мұны көре

сала, ұялмай қызармай көмекке шақырады. Хазірет

Мұса бұл адамның жаман адам екенін сонда ғана білді.

Оған «өзіңе де сол керек» дегендей ашулы көзін қадады.

Бір кезде мысырлық әлгі исрайылдықты бір бұрышқа

тығып алып өлтірмек болған кезде, амалы құрыған

Мұса оларды арашаламақ болып жақындай бергенде,

исрайылдық адам өзіне қол жұмсайды деп ойлап: «Кеше

ғана мысырлық бір адамды өлтіріп едің. Енді бүгін мені

өлтірмекпісің? Сен мейірімді емес, қатігез адам болдың

ғой» деп айқай салады. Осы хабар тез арада қалаға тарап

кетті. Онсыз да сарайдағылар бұл исрайылдық болғаны

үшін жек көріп, оны сарайдан аластауға сылтау таппай

жүретін. Олар бар болғаны хазірет Әсиядан аса алмай

жүрген. Ал қазір оларға іздегенге сұраған болды. Әйтсе

да хазірет Мұса сарайдағылардың не ойлап жүргенінен

270

«Қасас» сүресі, 15-16