194
Пайғамбарлар тарихы
дары көріп қалып, сандықты сарайға алып барады.
Перғауын оны өлтірмек болғанда, араға өзінің әйелі
Әсия түсіп:
«Менің де, сенің де көз қарашығымыз, оны
өлтірмеңдер! Бәлкім, бізге пайдасы тиер. Немесе бала
қып аламыз»
267
деп, баланы аман алып қалады. Алайда
сәби сүт іздеп шырылдап жылай берді. Әсия сүт ана-
ларды алып келсе де, ешбірін ембеді. Сүт аналардың
арасында хазірет Мұсаның әпкесі Мәриям да бар еді.
Ол:
«Сендерге оны сендер үшін бағатын, оған қомқор
бір отбасы көрсетейін бе?»
268
–
деп Мұсаның туған
анасына ертіп келіп, соған емізгенде, сәби Мұса еміре-
не еміп, тәтті ұйқыға кетеді.
Хазірет Мұса он сегіз, жиырма жастар шамасына
келген кезде, Хақ тағала оған керемет ілім мен хикмет
нәсіп етті. Хазірет Мұса бұл жерде үш мәселені шешуі
тиіс еді.
Мысырлықтардың түзеліп иманға келуі.
Исрайыл ұрпақтарын Құдысқа апаруы.
Исрайыл ұрпағын түзеуі
269
.
Хазірет Мұса Мәдиян еліне қашқанға дейін, сол
перғауын сарайында ер жетті. Оған перғауынның
жары – Әсия жақсылап қарап, тәрбиелеп өсірді.
Бір күні хазірет Мұса көшеде кетіп бара жатып, бір
исрайылдық, бір мысырлық екі адамның қызыл шеке
болып төбелесіп жатқанын көреді. Исрайылдық жеңіліп
бара жатқанда, хазірет Мұсаны көріп қалып көмекке
шақырады. Жігіт Мұса өте мықты, айбарлы жас бола-
тын. Ол мысырлыққа жақындап келіп ананы жіберуді
267
«Қасас» сүресі, 9
268
«Қасас» сүресі, 12
269
Афиф Абдулфаттах Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран. 225-227
беттер