192
Мұса мен Харун
пайғамбар (а.с.)
Мұса пайғамбар (а.с.) туралы мәлімет Құранның
көптеген сүрелерінде кездеседі. Кей жерлерін-
де ұзын-сонар баяндалса, кей жерлерінде қысқаша
ғана тоқталған. Ол – үлкен бес пайғамбардың бірі.
«Мәриям» сүресінде ол туралы Хақ тағала:
«Кітапта
Мұсаны есіңе ал! Расында, ол таңдаулы еді. Расул әрі
нәби еді»
264
,
– дейді.
Мұса пайғамбар Исрайыл ұрпағына кітаппен жі-
берілген елші болатын. Сол кезде Жақып пайғамбардың
он екі баласынан тараған ұрпағы Мысырда өз алдына
бір ел құрап отырды. Мысыр елін ол уақытта патшалар
емес перғауындар басқаратын. Жүсіп пайғамбардан
кейін Мысыр халқының жергілікті ұлтынан шыққан
перғауын отбасы көтеріліс жасап, «амаликалық» ара-
бтарды қуып шығып, қайта таққа отырған еді. Олар
билікке келген соң, көп ұзамай өздерін «тәңір» деп жа-
риялады. Сондай-ақ Ніл өзені жағасында жер жыртып,
егін егіп, сонымен күн көріп жүрді. Жылдар өте келе,
соқаға жеккен өгіздерді «тәңірге» теліп, соған да табы-
натын болды
265
.
Исрайыл халқы өздері Мысырда өмір сүргенмен,
бұрынғыдай беделдері болмады. Перғауындар оларды
ұлдарын құл, қыздарын күң етіп езіп-қанап ең ауыр
264
«Мәриям» сүресі, 51
265
Сабуни, Нубууә, 247-235 беттер