Previous Page  197 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 197 / 352 Next Page
Page Background

197

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

«Я, Раббым! Қайырдан не жіберсең де мұқтажбын»

274

,

– деп күбірлеп дұға жасады.

Сол күні ақшам кезінде хазірет Шұғайып

малдарының маңыраған дауысын есітіп далаға шықты.

Қыздарының бүгін ерте келу себебін сұрады. Мән-

жайды білген соң, ол дереу қыздарының біреуін хазірет

Мұсаға жіберді. Қызы барғанда, ол әлі ағаштың түбінде

отыр екен. Ол жанына ұяла жақындап: «Әкем сізді мал-

дарды суғарған ақыңызды алсын деп шақырып жатыр»,

– дейді. Хазірет Мұса олардан ақы алайын деген

мақсатпен көмектеспеген еді. Алайда мына қыздың

ибалылығына қарап, оның әкесін көруге аңсары ауа

қалды. Әрі ақсақал кісі шақырып тұрғанда, бармасқа

тағыболмайды.Қыздыңалдынатүскенбойыүйінекеліп,

қартқа сәлем беріп жөн сұрасты. Дастарқан басында

хазірет Мұса Шұғайып пайғамбарға басынан кешкен-

дерін түгелдей баян етті. Бұл жерге де қуғыншы келіп

қалуы мүмкіндігін айтты. Сөздерін ден қоя тыңдаған

қария оған: «Қорықпа! Бұдан былай залым елден саған

келер ешбір қиянат жоқ. Сен қауіпсіз жердесің», – деп

басу айтты.

Бірталайдан кейін қонақ әзірленген бөлмеге жатып

қалған соң, Шұғайып пайғамбардың бір қызы әкесіне

келіп: «Әкешім! Біз көптен бері бір жалшы іздеп

жүрген жоқ па едік?! Іздегенге сұраған деген осы емес

пе?! Мына кісі нағыз бізге лайық адам екен. Өзі күшті

әрі сенімді де, мейірімді жан. Бізбен тілдескен кезде,

жүзімізге бір рет те болсын қарамады. Осы жігітке

қолқа салып көріңіз», – дейді.

Таңертең Шұғайып пайғамбар хазірет Мұсаға:

«Мұса! Саған айтар ұсынысым бар.

«Маған сегіз

274

«Қасас» сүресі, 24