198
Пайғамбарлар тарихы
жыл жалшы болсаң, мына екі қызымның бірімен не-
келестірем. Егер он жылға толтырып жатсаң, ол
сенің жасаған жақсылығың. Саған машақат қылуды
қаламаймын.Аллаһқаласа,мені ізгілердентабарсың»
275
,
– дейді.
Хазірет Мұса да бұдан кейін қайда барып, қайда
тұратыны, не істейтіні туралы бір байламға келмеген
болатын. Ол хазірет Шұғайыптың бұл ұсынысын мақұл
көріп: «Ұсынысыңды қабылдаймын.
«Осы екеуміздің
арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын
орындасам да маған қарсылық жоқ. Айтқаныма Аллаһ
кепіл»
276
,
– деп жауап береді.
Арада жылдар қазанаттай жүйткіп өте шықты. Мез-
гілі жетіп, уәде бойынша хазірет Мұса, Шұғайыптың
(а.с.) қызын алған еді. Бір күні ол жары мен бала-
шағасын алып, Шұғайып пайғамбармен қоштасып,
жолға шықты. Бұл өзі қыс мезгілі болатын. Күн батып,
түн айналаға өзінің қара шәлісін жапқан кезде, ауа суып,
ызғар жел есті. Хазірет Мұсаның бала-шағасы тоңып,
жылай бастады. Олар Тұр тауына жақындаған кезде,
тау басынан лапылдаған оттың жарығын көрді. Хазірет
Мұса бала-шағасына
:
«Тұра тұрыңдаршы. Рас, бір от
көріптұрмын. Бәлкім, бір хабар яки оттан біршоқ алып
келермін. От жағып жылынарсыңдар»
277
,
–
дейді. Ол
асығыс адымдай басып, отқа қарай жақындай бастады.
«Ол жерге келген сәтте, мүбәрак жердегі ойпаттың
оң жағындағы ағаштың жанынан: «Ей, Мұса! Рас
275
«Қасас» сүресі, 27
276
«Қасас» сүресі, 28
277
«Қасас» сүресі, 29