Previous Page  204 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 352 Next Page
Page Background

204

Пайғамбарлар тарихы

мен келген жоқ па? Бір жағынан халқымды қанап, адам

айтқысыз зұлымдық жасайсың, бір жағынан «мен сені

сарайда тәрбиеледім» дейсің», – деп уәж қайтарды.

Перғауын: «Әлемдердің Раббы дегенің немене?»

– деді. Хазірет Мұса: «Егер анық білетін болсаңдар,

Ол – жер мен көктің әрі олардың арасындағылардың

Раббы», – деді. Бұл жауапқа Перғауынның айтар дауы

болмады. Бірақ әйтеуір бір нәрсе айтып қалайын деген

ниетпен: «Мынауың не деп сандырақтап отыр? Мен не

деймін, бұл не дейді? Естідіңдер ме?», – деп келемждеп

күліп, сөзді басқа арнаға бұрғысы келді. Бірақ хазірет

Мұса сөз тізгінін босаңсытпай: «Ол – сендердің де

Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы»,

– деді. Хазірет Мұса осы сөзімен сарайдағы өздерін

«құдаймыз», «құдай отбасымыз» деп жүргендерге

«бұрынғы ата-бабаларың «құдай» болса қайда кетті?

Олар да, сендер де топырақтан шығып, қайта сол

топыраққа ораласыңдар. Жоқтан бар болған ешқашан

тәңір бола алмайды дегенді меңзейді.

Уәжге жығыла берген перғауын амалсыз ашу

шақырып: «Пайғамбардың түріне қараңдар! Аузынан

шыққан әр сөзі – жынды адамның сөзі. Сұрағыма жауап

берудің орнына айдалаға лағуда», – деп өзінше сөзбен

жеңген болды.

Хазірет Мұса оның сөзін елең құрлы көрмей,

әрі қарай: «Ей, перғауын! Әлемдердің Раббы –

Хақ тағала шығыстың да, батыстың да һәм оның

арасындағылардың да Раббысы», – дейді. Ол осы

сөздерімен Хақ тағаланың ғаламзаттың Раббысы екен-

дігін айту арқылы перғауынның пенделігіне ишарат

етті. Перғауын сонда: «Абыройыммен ант етейін!

Егер сен менен өзгені тәңір етіп алсаң, әрине, сені