208
Пайғамбарлар тарихы
бетіне шығар ең таңдаулысы еді. Алайда олар жылан
етіп көрсеткен арқандары мен таяқтарын кәдімгі
әб жыланның біртіндеп жұтып жатқандарын көріп
жағаларын ұстады. Халық білмесе де олар аса таяқтың
кәдуілгі тірі жыланға айналғанын айқын біліп, хазірет
Мұсаның сиқыршы емес, пайғамбар екендігіне көздері
анық жетті. Өйткені өздері бұрын-соңды мұндай
мұғжизаны көрмеген. Хазірет Мұса алаңға шықпас
бұрын жолығып, бұларға хақ діннің ақиқатын тереңдеп
айтыпжеткізгенеді.Әйтседебұлароныңсөздерінекөңіл
қоймаған. Ал қазір олар Мұса пайғамбардың айтқан
сөздерін қайта еске түсірді. Осы күнге дейін жалғанды
насихаттап келген еді. Әне сол жалғанын ақиқат жоққа
шығарып, өздері шоқиып отырып қалды. Осы күнге
дейін халықты да, өздерін де көзбояушылықпен алдап
күн көріп келгендеріне қатты пұшайман хал кешті.
Осылай ойлаған олар бір сәт бір-бірлеріне қарап тұрып
қалды. Бір кезде естерін жиған олар жамағат жаппай
сәждеге жығылды да, бірауыздан: «Мұса мен Харунның
Раббына иман келтірдік!» – деп айқай салды. Жиналған
халық бір жыланның көп жыланды жұтып қойғанын
көріп, абдырап тұрған болатын. Олар алаңда тұрған
сиқыршылардың сәждеге жығылып, Хақ тағалаға иман
келтіргенін көргенде, Мұса пайғамбардың жыланы
ақиқат жылан екенін ұғып, өзара таңдай қағысып, бір-
бірлерімен күбірлесе бастады. Осы ғажайып көрініс
олардың жадыларынан кетпей тіпті ұрпақтан ұрпаққа
дастанболыпжалғасатыныһәмсол бір көрініс бұлардың
да иманға келуіне әсер ететіні айқын еді.
Жеңетініне көзі анық жетіп отырған перғауын өзі
таңдаған сиқыршылардың жария айқайлап иман кел-
тіргенін көргенде, отырған тағында күйіп кете жаз-