Previous Page  206 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 206 / 352 Next Page
Page Background

206

Пайғамбарлар тарихы

ғой! Бұлардың сыры белгілі болды. Ендеше, бұл екеуін

дереу өлтірген дұрыс па, әлде өзгелерге сабақ болу

үшін басқаша жаза қолданғанымыз дұрыс па екен? Ал

қане, қандай пікірлерің бар?» дейді. Перғауынның ең

жақын адамдары оған: «Мұны өлтіру де, басқаша жа-

залау да бізге пәлендей пайда бере қоймайды. Ел-жұрт

«шамасы келмеген соң өлтіре салыпты» деп шулайды.

Ал бұл біздің абыройымызға дақ келтіреді. Ең дұрысы,

бұл екеуін күллі халықтың алдына шығарып, сол жерде

масқаралайық. Шартарапқа шабармандарыңдыжіберіп,

алаңға ең мықты сиқыршыларды жина. Сосын бұл екеуі

әлгі өнерін сол жерде көрсетсін. Біздің сиқыршылар да

сиқырын көрсетіп, бұларды ел алдында жеңсін» деген-

ді айтты. Перғауынға да бұл ой қатты ұнап, ең мықты

сиқыршыларды жинатты. Хазірет Мұсаға осыны айтып

еді, ол қуана келісті. Тіпті ол: «Кездесетін мезгіл дәл

ел көп жиналатын мереке күнінің сәске кезі болсын»,

– дейді. Хазірет Мұсаның бұл сөзінен ең маңызды екі

нәрсені білуге болады. Бірі – мереке уақыты. Мереке

күні халық бос болғандықтан, алаңға тайлы-таяғымен

жиналады. Жасы да, жасамысы да қызық көру үшін

келеді. Екіншісі – сәске кезі. Бұл кез – халықтың

ұйқыдан тұрып, сәресін ішіп сергек те, тоқ болып тұрған

шағы. Басқа уақытта орын алса, Хақ пайғамбардың

мұғжизаларын «күн қатты ысып нақтап көре алмай

қалдым» яки «күн батысқа еңкейген шақта сол көрінген

нұр ма әлде күннің сәулесі ме еді? Оның үстіне малдың

өрістен қайтқан шағы емес пе, көзім мұнда болғанмен,

көңілім алаң болып тұрған» дегендей күмәндар кезде-

суі әбден мүмкін еді.

Сол күні халық көп жиналды. Онсыз да сарайда

көрсетілген мұғжизалар ел ішіне аңыз боп тарап кет-