Previous Page  211 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 211 / 352 Next Page
Page Background

211

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

Перғауын хазірет Мұсаның бұл іс-әрекеттерін

әр түрлі жолдармен қадағалап отырды. Ол әліптің

артын бағып, хазірет Мұса мен оған иман келтірген-

дерді жою жоспарларын жасап жатты. Оның үстіне

«бұларды тоқтатпасақ көп ұзамай бізді қаладан қуып

шығады» деп, ойлаған қаланың шонжарлары қайта-

қайта келіп, бұлардың мазасын ала берді. Әйтсе де қала

халқының арасында ғана емес сарайда да жасырын

мұсылмандар бар еді. Солардың бірі – перғауынның

немере ағасы Хаман болатын. Ол хазірет Мұсаға қарсы

ұйымдастырылған жоспарлардың көпшілігін бұзып,

мұсылмандарға істеген зұлымдығын тежеп отырды.

Ол сондай-ақ сарай ішінде перғауынға да, өзгелерге де:

«Бұл адамның айтқаны өтірік болып шықса, бізге ешбір

зияны тимейді. Ал егер рас болып шықса, онда біздің

құрығанымыз. Көне халықтар ұшыраған апат біздің

де басымызға келері айдан анық. Бір кездері осы елге

пайғамбар болып келген Жүсіп те тура осыған ұқсас

сөздер айтқан жоқ па еді?», – деп солардың арасында

жүріп имандылыққа шақырды

287

.

Бір күні осыған қатты ашуланған перғауын уәзірі

Хаманды шақыртып алып:

«Ей, Хаман! Мен үшін

балшыққа от жағып, кірпіш күйдіріп, көп кірпіштен

бір мұнара жаса. Шамасы, соның үстіне шығып,

Мұсаның тәңірін көрермін. Расында, мен оны өтірікші

деп ойлаймын»

288

,

– дейді.

Көптеген ғалымдар бұл мұнараның Мысырдағы

пирамида болғандығын айтады. Перғауын сол

Пирамиданың үстіне шығып, ғаламзаттың Жаратушы-

сын көрмек болады.

287

«Ғафыр» сүресі, 28-30

288

«Қасас» сүресі, 38