216
Пайғамбарлар тарихы
деген осы емес пе? Алдымыз мынау Қызыл теңіз. Арты-
мызда өкшелеп қуып құмырсқаша қаптап келе жатқан
перғауынның қалың қолы. Енді қайттік?» деп қатты
састы. Аса сабырлы хақ пайғамбарды халқының бұл
сөзі де, перғауынның қалың қолы да титтей сескендіре
алмады. Қайта Хақ тағалаға деген сенімі бұрынғыдан
бетер арта түсіп:
«Жоқ, әсте олай емес. Расында,
Раббым менімен бірге. (Ендеше зәредей алаңдаушы
болмаңдар). Маған сөзсіз жол көрсетеді»
291
,
–
деп
арыстандай айбаттанып, күндей күркірейді.
Алдында асаудай толқығаншет шегі жоқ теңіз тұрса
да, артында көптігінен жер қайысқан перғауынның
зұлым әскері келе жатса да, үмітін үзбеді. Хақ тағалаға
терең тәуекел ету – пайғамбарларға ғана тән қасиет
292
.
Әне-міне дегенше болған жоқ перғауын әскерлері
ат шаптырым жерге келіп те қалды. Сол сәтте Хақ
тағаладан хазірет Мұсаға:
«Асатаяғыңмен теңізді
ұр!»
293
– деген уахи келді. Мұса пайғамбар аса таяғымен
теңізді ұрған кезде асау толқын ортасынан қақ жарылып
даңғыл жол ашылды. Исрайыл халқы дереу сол жолмен
суыт жүріп теңіздің арғы бетіне өте шықты. Осы кезде
перғауын да, оның әскері де теңіздің таудай толқындар
құдіретше жол ашып тұрғанын көріп, оның мұғжиза
екендігіне көзі жетсе де, сол теңізден ашылған жолмен
оларды өкшелеп қуа берді. Исрайыл халқы түгелдей
291
«Шұғара» сүресі, 62
292
ОсындайбіроқиғаМәдина кезеңіндеОр соғысындаболғанеді.
Сол кезде аймақтың барша кәпірі бірігіп, Мәдинаны қоршап
алып, сахабалар шарасыз қалған шақта Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оларға көп ұзамай Сасанид және Рим империясын
күйретіп өздеріне қарататындығы туралы сүйінші хабар
айтқан еді.
293
«Шұғара» сүресі, 63