Previous Page  222 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 222 / 352 Next Page
Page Background

222

Пайғамбарлар тарихы

үстем етті. Сендер бір кездері перғауынның қол астын-

да езілген бейшара құл едіңдер. Өзіңді құл, қызыңды

күң етті. Онымен қоймай, жаңа туған ұлдарыңды

қойша бауыздап, ұлтыңа ойран салып еді. Сонда сен-

дерді Хақ тағала құтқарып, азаттық әперген жоқ па?

Мәңгілік үстемдік құрады деген перғауынды әскерімен

қоса теңізге батырған жоқ па? Естеріңді жиып, тәубаға

келіңдер. Өйткені осының бәрінде Раббыларыңнан

келген үлкен сынақ бар»

297

.

Күндер зулап өтіп жатты. Бір күні Мұса (а.с.)

Тұр тауына келіп, ол жерде отыз күн бойы тынбай

құлшылық жасады. Сосын бұрын өзіне уәде етілген кі-

тапты Хақ тағаладан алып келуге бел буды. Ол кетерде

халқын бауыры Харунға аманат етіп:

«Елімнің ішінде

менің орынбасарым бол. Оларды бақылап түзелтіп

отыр. Ел ішінде бүлік шығарғандардың соңына еруші

болма»

298

, –

деді.

Хақ пайғамбар Тұр тауында отыз күн бойы

құлшылық етті. Сол жерде ол пайғамбарларға тән

құндылықтарды сезді. Бір ай толған кезде, Аллаһ

тағала тағы қосымша он күн құлшылық етуді әмір етті.

Бекітілген мерзім толған соң, Хақ тағала пайғамбары

Мұсамен сөйлесті. Бір кезде хазірет Мұса:

«Я, Раббым!

Маған өзіңді көрсет», – деді. (Аллаһ): «Мені әсте көре

алмайсың. Бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында

тұра алса, сен де Мені көресің» деді».

Хазірет Мұса іштей қуанып бүкіл ықыласымен

тауға қарап тұрды. «Сонда Раббы таудан елестеген

сәтте, оны быт-шыт қылды. Мұса талып түсті». Біршама

уақыттан соң есін жиып:

«Саған тәубе еттім, әрі мен

297

«Ағраф» сүресі, 139-141

298

«Ағраф» сүресі, 142