Previous Page  227 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 227 / 352 Next Page
Page Background

227

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

Осы адамдарды мен өзім таңдап отырып ертіп алған

едім. Олар «Біздің ең ізгі адамдарымыз Пайғамбармен

бірге қасиетті тауға кетті. Көп ұзамай тәубелері қабыл

болып, мәртебелері өсіп келеді» деп асыға күтіп отыр.

Менің жалғыз оралғанымды көрсе, «Біздің саған сеніп

тапсырған ең ізгі тұлғаларымыз қайда?» деп сұраса,

мен не деп жауап беремін

. «Я, Раббым! Егер қаласаң,

оларды да, мені де бұдан бұрын жоқ қылар едің.

Арамыздағы санасыздардың кесірінен бізді жермен-

жексен етпекпісің?»

306

деп, бір күн, бір түн басын

сәждеге қойып дұға тілеп, жалбарынады. Осыдан кейін

Аллаһ тағала оның дұғасын қабыл етіп, оларды қайта

тірілтеді. Олар тіріліп, өмірге қайта оралғандарын

көріп, өздеріне, айналаға таңырқап қарай бастайды.

Сахарадағы мұғжизалар

Олар сахарада ұзақ жүрді. Бірде әлде неше күн

бойы бір тамшы су таба алмай зарықты. Ақырында олар

Мұса пайғамбарға: «Ей, Мұса! Мүшкіл халімізді көрдің

ғой! Су табылар түрі жоқ. Хақ тағаладан бізге жауын

тіле», – деді. Осы кезде Жәбірейіл періште келіп: «Ей,

Мұса! Аса таяғыңды жерге ұр», – деді. Хақ пайғамбар

«Бисмиллаһ» деп тасты ұрған кезде он екі жерден

сылдырлап су аға бастады. Ол он екі рудың өкілдерін

шақырып әр біріне жеке бастау бөліп берді.

Олардың шөлдері қанған күннің өзінде аптап

ыстыққа шыдай алмай, хазірет Пайғамбарға тағы да

шағымданды. Оның дұғасын тағы Хақ тағала қабыл

алып, төбелеріне бұлт жіберіп, көлеңкелетті. Аллаһ

тағаланың ырыс-берекелері бірінен соң бірі келсе де,

исрайылдықтар шүкіршілік етуді білмеді. Бір күні

306

«Ағраф» сүресі, 155