229
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
тегіс «Ей, Мұса! Қайдасың?! Көмектессеңші!» – деп
бәйек болып айқай салды. Бірінен соң бірі сәжедеге
жығылып, біресе жерге, біресе көктегі тауға жалтақтап:
«Айналайын Мұса! Бізді мына сұмдықтан құтқар.
Жолыңда құрбанболайық, айтқаныңа көніп, айдағаныңа
жүрейік. Бұдан былай саған толық мойынсұнамыз!» –
деп ұлардай шулады. Сонда хазірет Мұса оларға әйгілі
10 шартын қойды:
Аллаһтан өзгеге құлшылық етпейсіңдер.
Ата-анаға бағынасыңдар.
Туған-туыстарыңа жақсылық жасайсыңдар.
Жетімдерге қамқорлық жасайсыңдар.
Кедей-кепшікке көмектесесіңдер.
Адамдарға жақсы сөз сөйлейсіңдер.
Намазды дұрыстап оқисыңдар.
Зекет бересіңдер.
Бір-бірлеріңнің қандарыңды төкпейсіңдер.
Бір-бірлеріңді отандарыңнан қумайсыңдар.
Олардың бәрі жабыла ант-су ішіп, айтылғандарды
бір ауыздан мақұлдады. Сол кезде аспандағы Тұр тауы
бұрынғы орнына барып тұра қалды. Исрайыл ұрпақтары
сенерін де, сенбесін де білмей аспанға бір, тауға бір
қарап «уһ» деп терең дем алды.
Қасиетті мекен
Мұсаның (а.с.) мақсаты Исрайыл халқын қасиетті
мекенге апарып, сол жерде жаңа мемлекет құру еді.
Атасы хазірет Ибраһим де сонда өмір сүріп, сонда жер-
ленген болатын. Қасиетті жерде Әриха, Нәблус, Құдыс
деген үш үлкен қала бар еді. Хақ пайғамбар бастаған
ұлы көш ұзақ уақыттан кейін Әриха қаласының маңына
барып қоныстанды.