Previous Page  235 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 235 / 352 Next Page
Page Background

235

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

етілген соғыстан қашатын болсаңдар, онда сендердің

жағдайларың қазіргіден де мүшкіл болады, –дейді. Сол

кезде халқы шулап:

Бізге Аллаһ жолында ғазауаттан қашып

соғыспайтындай сонша не болыпты? Жалут біздің

туған жерімізді басып алып, өзімізді қуып шықты.

Қатын бала-шағымызды иеленді. Мұндай ит қорлыққа

кімде болса да төзе алмайды ғой. Ар-намысымыз аяққа

тапталып, кеудемізді кек кернеген мынау сұм заманда

өшімізді алмай қалай шыдаймыз? Бүйтіп қорлықпен

күн өткізгеннен, ғазауатта шайқасып өлген әлдеқайда

артық емес пе? – деп ант-су ішеді.

Олар пайғамбарларының алдында уағдадан

таймауға осылай ант етті. Барлығы бір жеңнен қол, бір

жағадан бас шығара отырып, кек алуға келісті. Осыдан

кейін Пайғамбар оларға келген уахиды жеткізіп:

Аллаһ сендерге Талутты патша етіп тағайындады

312

,

– деді.

Талут хазірет Жүсіптің інісі Бунияминнің ұрпағы-

нан тараған болатын. Исрайыл халқы арасында ұзын

бойлы, еңгезердей, біртуар сымбатты жігіт еді. Алайда

бұл жігіт халыққа ұнай қоймады. Олар «бізге бір патша

сайлап бер» дегенде, Пайғамбар олардан «өздерің ой-

ластырып жүрген біреу бар ма?» деп сұрайды ғой деп

ойлаған еді. Бірақ іс олардың күткеніндей болмай

шықты. «Қайдағы бір жалаң аяқ, жалаң бұт, мансаптан

жұрдай кедейдің баласын сайлағаны несі?!» деп қатты

ашуланды

313

. Исрайалдың беткеұстарлары дереу:

Ей, сенің бұрын-соңды дәл бұлай қателескеніңді

көрмеп едік. Үрерге иті, сығарға биті жоқ бұл байғұс

312

«Бақара» сүресі, 247

313

Сабуни, Сафуатут-тафасир, 156-157 бет