241
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
Қолбасшы Талут:
– Енді соғысқысы келгендер менімен бірге ерсін, –
деді де, жауға қарай бет алды.
Ат төбеліндей ғана адам Талуттың артынан
ілесті. Олардың көлемі соғысқа қатыспай қалғандарға
қарағанда ат төбеліндей ғана еді. Олар кетіп бара
жатып:
«Өмірде небір аз топтар болған. Олар Аллаһ
тағаланың қалауымен өте үлкен топтарға қарсы
тұрып, жеңе білген. Аллаһ сабырлық еткендермен
бірге»
318
,
– деп дауыстады.
Көп ұзамай екі жақтың әскерлері бір-бірімен бетпе-
бет келді. Жалуттың қалың қолы сахарада құмырсқадай
құжынады. Қару-жарақтары да өте мықты болатын.
Талуттың қолы олармен салыстырғанда теңіз бен
көлдің парқындай еді. Әрі соғыс құралдары да олардікі-
не қарағанда ескі-құсқы бірдеңелер болатын. Әйтсе де
артқа шегінуге жол жоқ. Оның үстіне осы соғыста сөзсіз
жеңіп шығу керек. Өйткені бұлар жеңілетін болса, онда
сол аймақ пұтқа табынған Амалика елінің қолына өтеді
де, тәухид діні жоғалады.
Осы сәтте Талут пен оның сарбаздары қол жайып:
«Ей, Раббымыз! Бізге мықты сабырлық нәсіп ет. Та-
банымызды нықтап, бізге кәпір елге қарсы жәрдем
ете гөр!»
319
–
деп дұға етті. Аздан соң сұрапыл
шайқас басталды да кетті. Шаңы аспанға көтеріліп,
айнала қанға боялып жатты. Қылыштар шаң-шұң етті.
Аттардың кісінеген, жаралылардың шыңғырған дау-
ыстары төңіректі кернеп кетті. Көп ұзамай кәпірлердің
құжынаған әскері біртіндеп жеңіліп кері шегіне баста-
ды. Олар өздерінің не үшін ойсырай бастағанын сезбеді.
318
«Бақара» сүресі, 249
319
«Бақара» сүресі, 250