Previous Page  236 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 236 / 352 Next Page
Page Background

236

Пайғамбарлар тарихы

бізге қайтып қана патша бола алады?! Қайта патша

болуға біздің ішіміздегі кез келген біреуіміз лайық

емеспіз бе? Мансап десең мансап, дүние десең дүние

бар. Төрт құбыламыз түгел адамдармыз, – дейді. Хақ

пайғамбар:

– Уа, халқым!Хақтағалаосыжігітті сендергепатша

етіп тағайындады. Бұл жігітке Хақ тағала байлық бер-

мегенмен, сол байлыққа бергісіз ілім дарытқан. Мансап

бермегенмен, батырға лайық өр тұлға, күш-жігерберген.

Қорасын қойға толтырмаса да, халқына пайда, соғыста

айла табатын, жауының басын шабатын, кез келген

қамалды алатын ақыл мен айла берген. Жаратқан Иеміз

дүние-мүлікті қалағанына береді. Құдай тағаланың

рақымы шексіз, ілімі бәрін қамтыған. Ал ендеше Та-

лутты Аллаһ тағаланың патша еткендігі туралы дәлел

– «сандықтың» келуі. Оның ішінде Жаратқан сендерге

нәсіп еткен «сәкинасы»

314

болған көктем-көңіл бар. Һәм

МұсаменХарунныңшаңырағынанмирасбопқалғанбір-

неше заттар бар. Сол сандықты пенделер емес періште-

лер алып келеді. Егер жүректеріңде иман, саналарыңда

саңылау болса, сол айғақты қабыл алыңдар

315

, – дейді.

Бұл сандық олар үшін аса қасиетті болатын. Алайда

соғыстардың бірінде жау жағы иеленіп, хабар болмай

кетіп еді. Кенет осы сандық ешкімнің көтеруінсіз-

ақ ауада өздігінен қалықтап келе жатты. Бейне ұшып

келе жатқандай, бірте-бірте жақындап алдарына келіп

тоқтады. Олар сандықты ашып, қасиетті аманаттар-

ды көрген соң, сол сандықтың дәл өзі екеніне көздері

314

Сәкина – Аллаһ тағаланың тыныштық пен ерекше жан

рахатына бөлеуі

315

«Бақара» сүресі, 247-248