242
Пайғамбарлар тарихы
Кенет Талуттың әскерінің арасынан бір сарбаз атылып
шығып Жалутқа қарай ұмтылды. Бұл хазірет Дәуіт бо-
латын. Ол Жалутқа қарай қол шоқпарын үйіріп-үйіріп
жіберіп қалып еді, Жалут жерге құлап түсіп, тіл қатпай
кетті. Қолбасшыларының жерге құлап өлгенін көрген
құмырсқадай қаптаған әскерлері жарықтан қашқан
тарақандай жан-жаққа бытырып қаша жөнелді...