240
Пайғамбарлар тарихы
Өйткені шөлге төзе білген жауға да төзе біледі.
Жаумен шайқас нәпсімен шайқасудан әлдеқайда
оңай. Өз нәпсісін тежей алған, жеңе білген дұшпанын
қаңбақ құрлы көрмейді. Нәпсімен шайқас үлкен жиһад,
кәпірмен айқас кіші жиһадқа жатады. Һәм шөлге шыдай
алмай қолбасшысына бағынбаған қол жаумен шайқаста
қолбасшысына тіпті бағынбайды. Әрі шайқастан бұрын
қорқақтардыайырыпалмаса, қызушайқас үстінде қашса
мұжаһидтердің сағын сындырумен қоймай жаудың жі-
герін өсіреді. Һәм шөлге қаталаған адамға суды бірден
қанып ішуге болмайды. Мұндай адамның өзі де, аты да
жауға қарсы тұра алмайды. Күшін жоғалтып, бойында
бойкүйездік пайда болады. Әсіресе терлеп келген атты
суарса, өліп кетуі де мүмкін. Оның үстіне бұл бір Хақ
тағаланың сынағы болғандықтан, суды қанып ішкен-
дер түгелдей қауқарынан айырылған еді. Әрі ғазауатқа
шыққан, өзін Аллаһ тағала жолына бағыштаған адам-
дар тек Соның разылығын ғана ойлап, өз нәпсілерін
ойламау қажет. Сондықтан шөлге шыдай алмай суға
жүгіргендер Аллаһ жолында қызмет ете алмайды.
Өйткені күндердің бір күні алдарынан дүние яки олжа
табылса, соған беріліп орта жолда қалуы мүмкін.
Һәм Исрайыл ұрпақтары өздеріне келген көптеген
пайғамбарларға қарсы шыққан болатын. Соның сал-
дарынан осындай күй кешкен еді. Енді олар есін
жиған болып пайғамбарларына келіп, оған қалтқысыз
бағынатындарын айтып, уағда еткен еді. Міне, Аллаһ
тағала олардың осы бағыныштылығы мен сабырлығын
сынау үшін шөл далада бірнеше күн сандалтып, алда-
рынан өзен ағызып, одан ішуге тыйым салған еді. Бірақ
осы сынақтан басым көпшілігі өте алмай өздерінің арам
пиғылдарын әшкерелеп алды.