Previous Page  243 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 243 / 352 Next Page
Page Background

243

Дәуіт пайғамбар (а.с.)

ДәуітпайғамбардыңесіміҚұранныңоналтыжерінде

ұшырасады

320

. Дәуіт пайғамбар хазірет Жақыптың ұлы

Яһуданың ұрпағы еді. Дәуіт (а.с.) Исрайылұлдарына жі-

берілген пайғамбар. Сонымен қатар, өз қауымының пат-

шасы еді. Дәуіттің (а.с.) тұсында «қой үстіне бозторғай

жұмыртқалаған» заман орнап, Исрайылұлдары бейбіт

те берекелі өмір сүрді. Дәуіт (а.с.) темір өңдеудің хас

шебері болатын

321

. Құран кәрімде Дәуіттің (а.с.) үні

биязы екендігі айтылады. Бұған қоса, Дәуіт пайғамбар

Забурды дауыстап оқығанда, оның айналасына таулар

жылжып, құстар ұшып келетін болған

322

.

Әкесінің аты Иса болатын. Қой бағып жүріп үйірген

сақпан тасы өте ұзаққа түсетін. Сом денелі күшті жігіт

еді. Сондықтан алып Жалутты шайқас үстінде сақпан

тасын бір сілтегеннен мүрдем кетірді. Оның осы

батылдығы ел ішіне кең таралып, аты жалпақ жұртқа

мәлім болды. Талут та оның бұл іс-әрекетіне тәнті

болып, қызын беріп өзіне күйеу бала қылды. Өзі өлер

алдында тағына отыруын өсиет етті.

Талут бұл өмірден өткенде, таққа хазірет Дәуіт

отырды. Исрайылдың он екі руы да оның патшалығын

мақұлдады. Біршама уақыт өткен соң, Хақ тағала

320

«Бақара» сүресі, 251; «Ниса» сүресі, 163; «Маида» сүресі,78;

«Әнғам» сүресі, 84; «Әнбия» сүресі, 78

321

«Әнбия» сүресі, 78, 80

322

«Сад» сүресі, 19-20