249
Сүлеймен пайғамбар (а.с.)
тағалаға неге сәжде етпейді? Ұлы ғаршының Раббы
Аллаһ, Одан өзге ешбір тәңір жоқ»
329
,
–
деп болған
жайды баян етеді.
Сәбә елінің падишасы – Бәлқис болатын
330
. Сәбә
елі Санға қаласынан тура үш күндік жер еді. Сүлеймен
патша: «Жарайды, сөзің рас па, әлде жалған ба байқап
көрелік», – деді де, аздан соң оған бір хат беріп:
«Мына хатымды алып барып әлгі падишаның алдына
таста да, сол жерде күтіп тұр. Олардың не жауап бе-
ретіндерін біліп қайт», – дейді. Һұдһұд хатты алып
ұша жөнеледі. Ол патша әйелдің қасына барып хатты
тастады да, жоғарыдағы бір жерге барып қонақтап
отырды. Бәлқистың үш жүз он екі кеңесшісі бар еді.
Әрбір кеңесшісі он мың адамның өкілі болатын. Ол
кеңесшілерін жинап: «Менің алдыма бір хат келіп
түсті. Ол хатта: «Хат Сүлейменнен: Рахман, Рақымды
Аллаһтың атымен бастаймын. Маған қарсылық
көрсетпеңдер. Бағынғандарыңды білдіріп алдыма
келіңдер», – деп жазыпты. Осыған не айтасыңдар?»
дейді. Олар: «Біз мықты қаруланған қалың қолмыз,
осал жандар емеспіз. Бірақ бұйрық беру сенің қолыңда.
Сен не десең, біз соған әзірміз», – деп жауап береді.
Бәлқис ұзақ ойланып ақырында: «Сөз жоқ, патшалар
бір елге кіретін болса, сол жерді жермен-жексен етіп,
елдің ақсүйектерін қор қылады. Біз одан да оған арнайы
сыйлық әзірлеп, елшілерімізден беріп жіберейік», –
деді. Бұған барлығы келісті әрі осыны бұлжытпай
орындады. Сүлеймен патша олардың келетінін Һұдһұд
арқылы алдын-ала біліп алған. Елшілер келіп сыйлығын
ұсынғанда, ол қаһарланып: «Сендер маған мал, дүние
329
«Нәміл» сүресі, 25
330
Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран, 297 бет