Previous Page  251 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 251 / 352 Next Page
Page Background

251

Сүлеймен пайғамбар (а.с.)

кундта алып келмек болады. Алайда ғалым адам оны қас

қағым сәтке жеткізбей алып келеді. Негізінде жындар

бірнеше секундта мың шақырым жерге барып келе

алады. Алайда адамда мұндай жылдамдық жоқ. Осы

оқиғадан адамның өз ғылымы арқылы жындардан да

жылдам қимылдай алатынын ұғынамыз. Жын мен адам

өмірге бір мақсатпен келген. Айырмашылығы жында

күш көп, ақыл аз, адамда ақыл көп, күш аз. Жын бір яки

бірнеше тонна жүкті бір өзі көтеруі мүмкін бірақ ақыл-

санаға жүйрік емес. Сондықтан олар да адам-халифаға

бағынады.

Кейбір деректерде тақ келген кезде, Бәлқистің

сарайындағы дауыстар да бірге келген деседі. Бұл

Сүлейменге қатысты мұғжиза болғанымен, ғылымға

ой тастауда. Қазіргі кезде дыбыс пен бейнені бір сәтте

қашықтан алу мүмкіндігі болса, болашақта заттарды

да демде қашыққа тасымалдау жолға қойылуы мүмкін.

Құран бізге осы жаңалыққа ишарат етуде.

Сүлеймен пайғамбар шеберлеріне бұйрық беріп,

тақтың ою-өрнегін өзгертіп тастайды. Яғни Бәлқис сол

таққа өздеріне тән пұтқа табыну белгісін салдыртқан

еді. Сүлеймен патша сол тақтағы барлық күнге табынуға

қатысты ою-өрнектерді жойып, орнына тәухидті бей-

нелеткен еді. Бәлқис келгенде, оған тағын көрсетіп:

«Тағың осындай ма еді?» – деп сұрайды. Ол әрі бері

қарап «Осыған қатты ұқсайды. Задында бізге бұрын

мәлімет беріліп бойсұнған едік», – дейді. Бәлқис ою-

өрнек өнерін жақсы білетін. Ол өзінің тағына бейнелен-

гентамашабедерлердентәухидтіңхақ, күнге табынудың

жалған екенін айқын байқайды. Сондықтан оның

мұсылман болуына сәл ғана қалған болатын. Хазірет

Сүлеймен оны сарайға ертіп кіргізді. Сарайға кірген