Previous Page  253 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 253 / 352 Next Page
Page Background

253

Сүлеймен пайғамбар (а.с.)

Сүлейменнің олардың көз алдарында өлгенін болжағыш

бола тұра білмей қалуы өте күлкілі еді.

Иә, Сүлеймен патша бір күні таяғына сүйеніп сарай

салып, қамал қалап жатқан жындарға қарап тұрған бо-

латын. Жын шайтандар қастарында бақылап тұрған

Сүлейменді көріп ауыр жұмыстарын дамылсыз істей

берді. Бір кезде аяқ астынан ажал жетті де, Сүлеймен

патша таяқ ұстаған күйі жан тапсырды. Алайда

жын - шайтандар оны өздеріне қарап тұр деп ойлап

жұмыстарын жалғастыра берді. Осылайша бірнеше күн

өтті. Сол кезде бір құрт келіп әлгі аса тяқты кеміріп

жей бастады. Уақыт зулап өтіп бір күні асатаяқ мүжіліп

сынды да, Сүлеймен пайғамбар таяқпен бірге жерге

құлап түсті. Жын-шайтандар сонда ғана Сүлейменнің

(а.с.) бақилық болғанын аңғарып, аяқ-қолдарындағы

кісенді бұзып жан-жаққа қаша жөнеледі. Құранда:

«Егер жындар ғайыпты білгенде, өздерін текке азапқа

салып, ауыр жұмыс істеп қиналмас еді»

332

,

– дейді.

Аллаһ тағала осы оқиғадан бізге жын- шайтанның

адамды бағындыратындай емес, тым қауқарсыз екенін

ұқтырады.

Сүлеймен пайғамбар қайтыс болған соң, ол үстемдік

еткен алып мемлекет Яһуда және Исрайыл болып екіге

бөлінеді.

332

«Сәбә» сүресі, 14