Previous Page  250 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 250 / 352 Next Page
Page Background

250

Пайғамбарлар тарихы

беріп көмектескелі жүрсіңдер ме? Аллаһ тағалаға

шүкір, Оның бергені сендердікінен әлдеқайда көп.

Сыйлықтарың өздеріңе. Маған оның лақтың терісіндей

де қадірі жоқ. Тезірек елдеріңе қайтыңдар! Көп кешік-

пей оларды шыбын құрлы көрмейтін жер қайысқан

қалың қолыммен барып елдерінен түгелдей қуып, ас-

тынан тағын, басынан бағын алып сорын қайнатамын»,

– деп қайтарып жібереді.

Жаушылар Бәлқисқа тездетіп барып болған

жайды баяндайды. Амалы құрыған Бәлқис уәзір,

қолбасшыларын ертіп жолға шығады. Сапарға

шығысымен, Сүлеймен патшаға шабарманын жіберіп,

бағынғалы келе жатқанынын хабарлайды. Бәлқис тағын

қатты жақсы көретін. Ол жолға шығарда, сол тағын

сарайдың ең құпия жасырын жеріне қойып, құлыптап

кілттерін өзімен бірге алып жүретін.

Сүлеймен пайғамбар оның жолға шыққанын

мұсылман болуға бет бұрды деп есептеп, мұғжиза

көрсетпей-ақ иманға күмәнсіз келуіне бір себеп іздеді.

Ол дереу жын мен адамдардың үлкендерін шақырып

алып: «Ей, көсемдер! Олар маған мойынсұнып келуден

бұрын әлгі әйелдің тағын араларыңнан жылдам алып

келетін біреу бар ма?» – деп сұрайды. Сонда «Ифрит»

деген бір жын: «Оны орныңнан тұрмай жатып алып

келемін. Рас, осыған шамам жетеді», – дейді. Ол сөзін

тамамдағанда, кітап іліміне жетік бір адам: «Оны көзіңді

ашып-жұмғанша алып келемін», – деп жауап береді.

Ол «алып келемін» демей жатып Сүлеймен Бәлқистің

тағының өз қасында тұрғанын көрді. Сөйтіп дереу Хақ

тағалаға шүкіршілік айтты.

Бұлжердежынменадамныңарасында біржарыстың

орын алғанын көреміз. Жындар сол тақты бірнеше се-