Previous Page  246 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 352 Next Page
Page Background

246

Сүлеймен пайғамбар (а.с.)

Дәуіт пайғамбардың (а.с.) он тоғыз ұлы бар бо-

латын. Солардың бірі хазірет Сүлеймен еді. Дәуіт

пайғамбар қайтыс болғанда, Сүлеймен не бары он екі

жаста болатын. Оның қалған бауырлары жиналып,

патшалықты қаршадай жасына қарамастан Сүлейменге

берді. Ол жас болса да, ел арасында парасаттылығы,

зеректігі және дінді өте терең білгендігімен танымал

болды. Сондай-ақ хазірет Сүлейменге сиқыршылардың

сиқырын бұзатын әрі құстың тілін білетін ілім берілген

еді.

Сүлеймен патша таққа отырған сәттен бастап, Ақса

мешітін тұрғызуды қолға алды. Құрылысқа адам мен

жындардан мықты шеберлер мен ұсталарды жинады.

Бұлардыңарасындашайтандарда,әріолардандәрісалған

адамдар да бар болатын. Осы адамдар күндердің бірін-

де адам мен жынның шайтандарын хазірет Сүлейменге

қарсы айдап салып, ел ішінде бүлік шығарды. Тіпті

Сүлеймен патшаның тағына дейін тартып алды. Әйтсе

да хазірет Сүлеймен бұған ешқандай қамықпай, қайта

өзінен қателік кеткенін сезінді. Бір күні Хақ тағалаға:

«Ей, Раббым! Менен өзге ешбір жанға нәсіп болмай-

тын дүние-мүлік пен патшалық бер»

325

,

– деп дұға етеді.

Хақ тағала оның дұғасын қабыл етіп, өз қалауынан да

артық несібе берді. Сүлеймен пайғамбарға желдің өзі

бағынып, оны тағымен қоса қалаған жеріне апаратын

325

«Сад» сүресі, 35