245
Дәуіт пайғамбар (а.с.)
адамды көрсетіп «мынау менің өгізімді тартып алды»
дейді. Әлгі адам «жоқ, алмадым» деп мойындамай-
ды. Жәбірленуші оған куә көрсете алмайды. Кейіннен
хазірет Дәуіттің түсінде әлгі адамды өлтіру туралы үш
рет аян беріледі. Хазірет Дәуіт әлгі адамға осы әмірді
жеткізеді. Бірақ ол «куәсіз адамды өлтіруге болмайды»
деп уәж айтады. Дәуіт пайғамбар бұл әмірдің айқын
екендігін дәлелдеп бергенде ғана әлгі адам амалсыз
мойындап: «Мен оның өгізін тартып алмадым. Бірақ
бұрынырақта әкесін өлтіргенім бар. Осы ісімді тірі жан
білмейтін. Әйтсе де соның жазасы пешенеме осылай
жазылған екен» дейді. Әлгі адам кінәсын мойындаған
соң, жазаға тартылып өлтіріледі. Осы оқиға желдей есіп
Исрайыл халқына тарайды. Сол сәттен бастап халқы
жасырын түрде қылмыс жасауды сап тияды.
Патшалық пен пайғамбарлықты қатар алып жүрген
Дәуіт (а.с.) қырық жыл тақта отырып дүниеден өтті.