254
Илияс пайғамбар (а.с.)
Сүлеймен пайғамбар бақиға аттанған соң, Исрайыл
ұрпағы Яһуда және Исрайыл болып екі мемлекет-
ке бөлініп кетті. Олардың бөліну себебі таққа таласу,
күпірлік пен дінсіздіктен туындады. Яһуда елі Құдыста
қасиетті аманаттарды көздің қарашығындай сақтап, ел
арасында діни насихат дұрыс жүргізгендіктен, олар
ұзақ уақыт бойы беріктігін сақтай алды. Алайда Ис-
райыл мемлекеті хазірет Мұсаның шариғатымен амал
етпей, пұтқа табынып, адасып кетті. Кейбір деректер-
де осы пұттарының биіктігі алты аршын ұзындықта
болғандығы және оның алтыннан құйылғандығы ай-
тылады. Оның аты «Бағл» еді. Бағл – Йемендіктердің
тілінде Рабб, қожайын деген мағынаны білдіреді.
333
Бұл
– Көне Сами қауымдарының құдай атауы.
Құранда хазірет Илияс пайғамбардың есімі бір
аятта «Илияс» деп кездессе енді бір аятта «Илиясин»
деп кездеседі.
Ақиқат жаршысы – Илияс оларға Исрайыл елі
адасып пұтқа табынған кездері пайғамбар ретінде жі-
берілді. Ол пайғамбарлығын жария етер-етпес, халық
арасында пұтқа табынудан бас тартып, хазіретМұсаның
шариғатын қайтадан берік ұстануға шақырды. Олардың
ата-бабаларына Хақ тағала үлкен нығмет беріп, алпа-
уыт ел еткенін естеріне салды. Егер осы қылықтарынан
бас тартып тәубаға келмейтін болса, көп ұзамай
333
Замахшари, әл-Кәшшаф,. 3/352