Previous Page  255 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 352 Next Page
Page Background

255

Илияс пайғамбар (а.с.)

Жаратқанның қаһарына ұшырап, бастарына пәлекет

келетіндігін қатаң ескертті. Құранда:

«Әрине Илияс

елшілерімізден еді. Сол уақытта еліне:

«Аллаһтан

қорықпайсыңдар ма?» – деді. «Ерекше Жаратушыны

қойып, «Бағл» атты пұтқа табынасыңдар ма? Аллаһ

сендердің де бұрынғы аталарыңның да Раббы»

334

,

деп, оның халқына қалай ескерту жасағаны туралы ай-

тылады.

Алайда Исрайыл халқы оның сөздеріне құлақ

асқанның орнына оған қарсы шығып, аузына келгенін

айтты. Сонда хазірет Илияс Хақ тағалаға қолын жайып:

«Аллаһым! Исрайыл ұрпақтары сөзіме құлақ аспады.

Олар Сенен өзгеге құлшылық етуде. Ендеше Сен

оларға берген нығметіңді қайта ал», – деп дұға етеді.

Сол кезде Аллаһтан уахи келіп: «Біз олардың ризығын

сенің қолыңа тапсырдық», – дейді. Хақ пайғамбар:

«Аллаһым! Ендеше оларға бұдан былай жауын берме!»

– деп дұға етті. Артынша жауын тоқтап, жер бетіне бір

тамшы да, жауын жаумады. Осы қуаңшылық үш жылға

жалғасты. Исрайыл елінің малы жаппай қырылып, бау-

бақшалары қурап, егіс даласы шөлге айналды. Олар

күндер өте келе осы пәлекеттің бәрі Пайғамбарға сен-

бегендіктен болғандығын аңғарып Илиястан кешірім

сұрап, дініне кіріп, хақ жолға түсе бастайды. Хақ тағала

да солшақта олардың төбелерінен төнгеннәубаттыалып

тастап, мол жауын нәсіп етті. Исрайыл ұрпақтары бір

мезгіл тура жолда жүріп, мол байлыққа кенеліп, қорасы

қойға, даласы өнімге толған шақта биттері семіріп тура

жолдан тайып, есіре бастайды. Бұрынғы пұттарына

табыну қайта белең алды. Илияс пайғамбардың сөзіне

құлақ асуды қойды. Хазірет пайғамбар оларға: «Сендер

334

«Саффат» сүресі, 125-126