258
Зүлкифл пайғамбар (а.с.)
Зүлкифл пайғамбар туралы Ислам ғалымдары ара-
сында әр түрлі пікір бар. Тарихшы Табаридің еңбегінде
Зүлкифл (а.с.) хазірет Әйюбтің ұлы және шын есімі
– Бишр. 75 жылдық ғұмырын Шам халқын таухид
сеніміне шақырумен өткізгендігі айтылады.
339
Оның
«Зүлкифл» болып аталуының сыры – ол өзіне міндет-
телген ауыр жауапкершіліктерді орындау жолында
дүниеден өткен.
Басқа бір деректерде ол Илияс пайғамбардың за-
манында өмір сүргені айтылған. Хақ тағала оны Илияс
пайғамбардың орнына пайғамбар етіп жіберген.
Сондай-ақ ғұламалар арасында оны пайғамбар
емес, Исрайыл халқы арасында өмір кешкен салиқалы
кісі деген көзқарас та бар. Әйтсе де Ибн Кәсир оның
пайғамбар екендігін алға тартады. Оған дәлел ретінде ол
туралы Құранда айтылған аяттарды көрсетеді. Құранда
екі жерде «Зүлкифл» деп кездеседі. «Әнбия» сүресінде
«Исмайыл және Ыдырыс және Зүлкифл. Бәрі де са-
бырлы жандар еді. Сондай-ақ оларды рақымымызға
бөледік. Өйткені олар салиқалы кісілер еді»
340
деп ай-
тылса, «Сад» сүресінде
«Исмайылды және Әлиасаъны
және Зүлкифлді есіңе ал! Бәрі де ізгі адамдар еді»
341
де-
лінген. Құрандағы осы аяттардың мәніне үңілсек, оны
339
Табари, Тарихул-үмәм уәл-мүлук, Бейрут, 1/195; Алуси, Рухул
мәани, 17/82; 23/211
340
«Әнбия» сүресі, 85-86
341
«Сад» сүресі, 48