Previous Page  237 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 237 / 352 Next Page
Page Background

237

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

жетті. Осыдан барып олар Талуттың патша екендігін

амалсыз мойындады

316

.

Талут таққа отырысымен, дереу іске кірісіп, қол

жинай бастады. Қолына қару ұстауға жарайтын еркек

кіндіктің бәрінің басын қосып, жауға қарсы жорыққа

аттанды. Оның қалың қолы шамамен сексен мыңдай

болған еді

317

. Исрайыл ұрпақтары соғысты өз қалауымен

бастаса да, соғысуға аса құштарлық танытпады. Жолда

бір өзен бар еді. Сол өзеннің арғы жағы жауға берген

өз жерлері болатын. Өзенге таяй бере, Талут әскеріне

тоқтап дем алуға бұйырды. Өзі қалың қолдың алдына

шығып:

– Уа, әскерлерім! Алдымызда көлденең өзен

жатыр. Арғы беті жау басып алған жерлеріміз. Аллаһ

тағала сол өзенді біз үшін сынақ етті. Осы өзеннен

өтіп бара жатып су ішуші болмаңдар. Кімде-кім ішетін

болса, онда ол менің әскерім емес. Ал суды бір қолымен

ғана іліп ішкен адам менің әскерім саналады.

Әскерлер ішінде әр түрлі әңгіме өрби бастады.

«Осыжерге дейін қаншама жол жүріп келдік. Шыжыған

күннің кейпі мынау. Судың таусылғанына да неше

күн болды. Судан қаталап әрең келеміз. Енді келіп

мынау қолбасшы: «Алдарыңнан өзен шығады. Бірақ

одан ішуші болмаңдар», – дейді. Сонда су ішпесек,

ол өзен несіне ағып жатыр? Біз қанып ішсек, өзеннің

суы сарқылып қала ма сонда? Әу баста осыны бекер

сайладық. «Қарадан шығып хан болмас» деген. Жауды

емес бізді құртатын болды. Алдымен сол өзені құрғыр

көрінсінші өзі. Сосын көре жатармыз. Кім ішіп кім

ішпейтінін». Әйтсе де араларынан «Жо-жоқ, қолбасшы

316

Сабуни, Сафуатут-тафасир, 157-бет.

317

Ибн Әсир, 1/219

.

.