Previous Page  232 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 232 / 352 Next Page
Page Background

232

Пайғамбарлар тарихы

сарқылмассөздеріңеқанып,күндейжарқырағанмүбәрак

жүзіңді тамашалап келдік. Күндіз өңімізде көрсек,

түнде түсімізден шыққан емессің. Әйтсе де ғажайып

қасиетіңе тәнтіміз. «Бір адам таққа қонса, қырық адам

атқа қонады» деген. Сен жиһадқа шақырсаң, біз ақтық

деміміз қалғанша соғысуға бармыз. Сенің жолыңда

соғысып, шейіт болу біз үшін қол жетпес арман. Бір кез-

дері теңізді қақ айырып, Тұр тауын бастарына көтерсең

де, иманы қоғаның шоғындай мына елден не үміт не

қайыр. Біздің санымыз аз болса да, саған еруге тати-

мыз», – дер еді. Алайда олар әу баста Мысыр халқына

«Бұл пайғамбардың айтқаны ақиқат. Оған дәлеліміз –

оның жолында жанымыз пида», – деп, өз міндеттерін

толық орындап барып шейіттік шәрбатын ішкен бола-

тын.

Хақ пайғамбар олардан үмітін үзген соң қолын

жайып:

«Я, Раббым! Мен сөзімді өзіме және бауырыма

ғана өткізе аламын. Бұзақы елден арамызды ажырата

гөр!»

308

деп дұға етіп жалбарынады.

Аллаһ тағала оның дұғасын қабыл етіп, Исрайыл

ұрпақтарын жазалап, қырық жыл бойы «Тиһ» деген

сахарада адастырып қояды. Олар күні-түні жүрсе де,

сол сахарадан шыға алмайды. Кейде түнімен жүріп

отырып, таңертең қарағанда, батыс емес шығысқа

қарай, шығысқа қарай жүрсе, батысқа қарай бұрылып,

адасып, сол сахарадан жол таба алмай, қырық жыл

сандалады. Осы қырық жыл ішінде хазірет Мұса сол

елдің жаңа туған сәбилерін өзі тәрбиелейді. Бірақ оның

қасиетті жерге бастап баруға өмірі жетпей оның ісін

Юша жалғастырады. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда

қазан жаңа» дегендей, иманы аса мықты, перғауынның

308

«Маида» сүресі, 25