Previous Page  228 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 228 / 352 Next Page
Page Background

228

Пайғамбарлар тарихы

тағы да келіп: «Бізге жейтін нәрсе тап», – дейді. Хақ

тағала оларға бөдене құстарын жіберді. Топ-топ болып

ұшқан құстар олардың қастарында ұшып-қонып

жүрді. Кез келген адам оңай ұстап, қорек етті. Соны-

мен қатар, Хақ тағала оларға нығмет беріп тұрды.

Хазірет Мұса оларға: «Қалағандарыңша жеңдер. Бірақ

сақтаушы болмаңдар», – деп қатаң ескертті. Исрайыл

ұрпақтары әуелде оның сөзіне құлақ салып жүрсе де,

көп ұзамай халуаны да, құстың етін де көп қылып

қамбаларда сақтайтын болды. Бұл аз болғандай бір

күні хазірет Пайғамбарға: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі

тамақтан жалықтық. Біз үшін Раббыңа жалбарын! Ол

бізге жерден өсетін көкөніс түрлерінен қияр, бидай,

бұршақ және сарымсақ шығарып берсін», – деді. Хақ

пайғамбар ашуланып: «Сендер сапалы азықты сапасыз

азыққа ауыстырмақпысыңдар?! Олай болса, Мысырға

барыңдар, сол жерде қалағандарың бар» дейді.

Исрайыл ұрпақтары уәделерін бұзып, құс пен ха-

луаны менсінбегені үшін, Аллаһ тағала оларға жазас-

ын беріп екі нығметті де тыйып тастады. Бұдан былай

олардың айналасында құстар емес құжынаған шыбын-

дар ызыңдап жүретін болды.

Аспандағы Тұр тауы

Исрайыл ұрпағы күн өткен сайын хазірет Мұсаға әр

түрлі сылтаулар айтып, «бүйректен сирақ шығарып»,

сөздерінен тая берді. Хақ тағаланың әмірін орындаудың

орнына, тіпті пайғамбарларын атын атап шақырып ке-

лемеждейтінді шығарды.

Бір күні олар таңертең орнынан тұрып не болғанын

өздері де білмей құттары қашты. Ұзақтан көрінетін Тұр

тауы аспанда, тура төбелерінде қалықтап тұр еді. Олар