224
Пайғамбарлар тарихы
болғанда өлтіруге де даяр еді. Шарасыз қалған Харун
пайғамбардың хазірет Мұсаны күтуіне тура келді
301
.
Күндер зулап өтіп жатты. Бір күні хазірет Мұса
қолына аяттар жазылған тақтайшаларды ұстап Тұр
тауынан түсті. Хақ пайғамбар елінің алтыннан құйылған
бұзау бейнесіндегі пұтқа табынып жатқандарын көріп
ашуланғаны сонша – қолындағы тақтайшаларды
лақтырып жіберді. Ол бір қолымен хазірет Харунның
шашынан, енді бір қолымен сақалынан қапсырып ұстап:
«Харун! Мыналардың пұтқа табынып жатқандарын
көре тұра, қалай жер басып жүргенсің? Бұларға неге
тоқтау айтпадың? Егер қолыңнан келмесе, Тұр тауына
мені іздеп барып мән-жайды неге түсіндірмедің? Әлде
сен де менің әміріме қарсы шыққың келе ме?!» – деп
бұлқан-талқан болады. Хазірет Харун:
«Ей, анамның
баласы! Сақалым мен шашымнан ұстамашы. Мен
сенің «Исрайыл ұрпақтарының арасына іріткі салдың,
сөзіме құлақ аспадың» деуіңнен қорықтым»
302
,
– дейді.
Аздан соң сабасына түскенХақ пайғамбарСамириға
қарап: «Самири! Сенің мына қылығың не? Бір елді
адастыратындай сенің басыңа не күн туды? Бұл елде
жеті атаңнан бергі кегің болса да тым шектен шықтың»,
– деді. Самири сонда: «Мен олардың көрмегендерін
көрдім. Елшінің (Жәбірейілдің) ізінен бір уыс топырақ
алып, оның ішіне тастадым. Осылай істеу маған қатты
ұнады», – деді. Хақ пайғамбар қаһарланып: «Бұл елден
көзіме көрінбей дереу жоғал. Бұдан былай өмірің
«маған жоламаңдар» деп безілдеумен өтеді. Бірақ
осымен құтылып кетемін деп ойлаушы болма. Күн ертең
мақшарда тағы да есепке алынып, жазаға тартыласың.
301
Б.Атеш, Пейгамберлер тарихы. 125-128 беттер
302
«Таха» сүресі, 94